Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Фолликула – ооциттің дамуын қамтамасыз ететін, аналық жұмыртқасының денелік (сомалық) жасушасы. Фолликулярлық фаза



Pdf көрінісі
бет147/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Фолликула – ооциттің дамуын қамтамасыз ететін, аналық жұмыртқасының
денелік (сомалық) жасушасы.
Фолликулярлық фаза – фолликулалардың өсіп-дамуын қамтамасыз ететін,
ФСГ гормонының (фолликула стимульдеуші гормоны) белсенді қызмет ететін
кезеңі.
Фотолиз – жарық 
энергиясының 
көмегімен 
жасыл 
өсімдіктер
хлоропластарындағы сутегі молекуласының ыдырауы.
Фотореактивация – ультракүлгін сəулемен сəулеленген жасушалардың өмір
сүру қабілетінің жарықтың əсерінен қайта қалпына келуі.
Фюзоген ( ағ. fusion - қосылу) – протопластардың қосылуына ықпал ететін зат
(полиэтиленгликоль).
Х
Хайуандарды операцияға дайындау – операциядан кейінгі оңалу
мүмкіндіктерін неғұрлым арттыру мақсатында жүргізілетін дайындық жұмыстары.
Хайуандардың жыныстық жетілуі – еркек малдың ұрықтандыру, ал ұрғашы
малдардың ұрықтануға қабілеттілігі, яғни хайуандардың жыныстық жағынан
жетілген мерзімдері.
Химерлер – бірнеше хайуандар эмбриондарының бластомерлері ағзасына
ендірілген жануарлар.
Хромосома (chroma – түс, бояу, soma - дене) – жасуша мен вирустың гендер
жиынтығынан тұратын тұқым қуалаушылық материалы. Өзін-өзі құра алады,
құрылымдық жəне қызметтік дербестігі бар. Негізін ақуыздар мен (гистондар, т.б.)
қосылып нуклеопротеид түзетін үзіліссіз екі тізбекті ДНҚ молекуласы құрайды.


269
Хромосомалар сегрегациясы (ағ. chromosome segregationбудан жасушалар
популяциясындағы кейбір х-хромосомалардың жойылып кетуі.
Хромосомалық мутация – хромосомалар құрылымының өзгеруінен
туындайтын өзгерістер. Хромосомалар жасушаның бөлінуі кезінде немесе əртүрлі
физикалық жағдайлардың əсерінен өзгеріске ұшырайды.
Хромосомалық мутациялар (лат. deletio – құрту, жою, inversio – төңкеру,
duplicatio - екі еселену, trans – арқылы өткізіп, location – орналастыру, transpositio -
орын ауыстыру) – хромосомалық өзгергіштік немесе аберрациялар. Оларға
жататындар:
делеция – генетикалық материалдың бір бөлігінің жойылуы (бір
нуклеотидтен бірнеше гендерге дейін);
инверсия – хромосома құрылымының бұзылуы, бір бөлігінде гендер 180º
айналып, кері орналасуына байланысты, хромосомалық мутацияға ұшырауы;
дупликация – хромосоманың өзгеруі негізінде болатын геннің немесе
хромосома бөлігінің екі еселенуі;
транслокация - бір немесе бірнеше хромосомалардың гомологтық емес
бөліктерінің алмасуы;
транспозиция – хромосома бөлігінің сол хромосома ішінде, не басқа бір
хромосомаға ауысуы немесе ығысуынан болатын мутация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет