Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет149/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Электрлі құрғатқыш шкафы – ыдыстарды ыстық ауамен кептіруге арналған
қондырғы.
Электропорация – жасуша мембранасында қосымша саңылауды өзін
инкубациялау немесе алғашқы каллусты алу үшін пайдалану.
Эмбриоид (гр. embryon – ұрық, eidos - түр) – ұрық тəрізді құрылым, сомалық
жасушаларынан пайда болады, дамиды.
Эмбриоинженерия – жануарлардың генетикалық бағдарламаларын, олардың
гаметасы мен эмбриондары деңгейінде өзгертуге бағытталған ғылым саласы.
Эмбрион тасымалдаудың хирургиядан тыс əдісі – эмбрион тасымалдау
жұмыстарының барысында, ұрғашы дараның жыныс мүшелелері ұлпаларының
бүтіндігіне зақым келтірмей, əртүрлі механикалық əдістермен жұмыс істеу.
Эмбрионалдық ұрпақ жасушалары, ES-жасушалары (ағ. embryonic
stemcells) – бластоцист сатысындағы эмбриондардың жасушалары, олар
жасушалардың кез келген типіне жетілуге қабілетті, оның ішінде бластоциста
сатысында басқа эмбрионға кіргізгенде ұрықтық желілері (линиялар) жасушаларына
айнала алады.
Эмбриональды индукция – дамып келе жатқан ағза бөліктерінің өзара əсері.
Мұнда бір бөлігі басқа бөлігімен əрекеттесіп, оның даму бағытын анықтайды.
Эмбрионəсіл (эмбриокультура) – гаметалар мен эмбриондардың тіршілікке
қабілеттілік ерекшеліктерін мейлінше сақтай отырып, олардың физиологиялық
қорларын мүмкіндігінше толықтай алуға бағытталған, мал шаруашылығында
қолданылатын биотехнологиялық əдіс.
Эмбриондар селекциясы – тасымалдауға арналған эмбриондарды екі класқа
бөліп, яғни, жарамды немесе жарамсыздарын айырып, сұрыптауға негізделген
принцип.
Эмбриондар тасымалдау (трансплонтация) – донор аналықтан эмбрионды
реципиент аналыққа көшіру əдісі.
Эмбриондар тасымалдаудың хирургиялық əдісі – аналықтың көбею
мүшелеріне жету үшін, оның ұлпаларының бүтіндігін бұзу (тілу) арқылы жүзеге
асырылатын, эмбрион трансплантациялау əдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет