Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Екінші реттік метаболиттер өндірісі



Pdf көрінісі
бет59/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
Екінші 
реттік 
метаболиттер 
немесе
идиолиттер 
дегеніміз 

микроорганизмнің тіршілігіне, өсуіне қажетсіз төменгі молекулалық қосылыстар.
Олар құрамы бойынша аз мөлшерде синтезделетін таксономиялық топтар жəне бір
химиялық топқа жататын жақын туысты қосылыстар қоспасы болып келеді. Екінші
реттік метаболиттерге: антибиотиктер, алкалоидтар, өсу гормондары жəне
токсиндері 
жатады. Екінші 
реттік 
метаболиттер 
синтездері 
кезінде
микроорганизмдер бірінші тез өсу сатысынан (тропофаза) өтіп, кейін өсуінің
бəсеңденуіне байланысты, идеофазаға ауысады. Осы идеофаза сатыларында
идеолиттер түзіледі.
Антибиотиктер. 
Антибиотиктер 
көбінесе 
микроорганизмдер 
синтезі
нəтижесінде алынатын органикалық қосылыстар жəне фармакология саласында
қолданылатын дəрмектердің ең үлкен класына жатады. Олар белгілі бір


107
концентрацияда тиісті микроорганизмдердің дамуын тежеп немесе мүлде құртып
жібере алады.
Бұл класқа зең саңырауқұлақтарына қарсы агенттері, ісікке қарсы дəрілер мен
алкалоидтар жатады. 1945 жылы Кальари (Сардиния) қаласындағы гигиена
институтынан Бротзу деген ғалым теңіз суы сынамасынан антибиотиктер синтездей
алатын Cephalosporium acremonium саңырауқұлақтарын тапты. Антибиотиктер
ішіндегі цефалоспорин С, пеницилиндерге тұрақты грамм оң бактерияларға қарсы
тиімділіктерін байқатқан.
Мұндай дəрмектер түріне жəне оның қолданылу мөлшеріне байланысты,
бактерицидтік немесе бактериостатикалық əсер көрсетуі мүмкін. Бұлардың ішіндегі
ең көп сұранысқа ие болғандары – пенициллин, цефалоспорин мен тетрациклиндер.
Антибиотиктерді тек қана микроорганизмдер ғана емес, сонымен бірге
өсімдіктер мен жануарлар жасушалары да синтездей алады. Өсімдіктерден
алынатын антибиотиктер фитонцидтер деп аталады. Бұлардың қатарында
сарымсақтан (чеснок) алынатын хлорелин, томатин, сативин жəне пияздан
дайындалатын алин фитонцидтерін атауға болады.
Антибиотиктерді алудағы химиялық синтездер үдерістерінің күрделі болуына
байланысты, олар қымбат болып келеді. Аталған өнімнің биотехнологиялық өндірісі
өнеркəсіптің экономикалық тиімді саласы болып табылады. Антибиотиктің көп
тараған 4-тобы бар:
1) пенициллин;
2) цераласпирин;
3) эритомицин;
4) тетрациклин.
Антибиотиктер өте жоғары биологиялық белсенділікке ие. Мысалы, эритомицин
антибиотигі 001-0,25 мкг/мл концентрацияда грамм оң бактерияның өсуін тежей
алады. Антибиотиктер əртүрлі химиялық қоспалар класына жатады.
Антибиотиктің класификациясы олардың əсер ету механизміне негізделеді. Əсер
ету механизміне байланысты антибиотиктер төмендегідей болып жіктеледі:
1.
Жасушалық мембрананың қызметін бұзатын антибиотиктер (полиендер,
валимоцин, грамицидин ).
2.
Жасуша қабырғасының синтезін тежейтін антибиотиктер (пенициллин,
цефалоспарин).
3.
Ақуыз синтезін тежегіштер (тетрациклин).
4.
РНҚ синтезін тежегіштер (гризофульвиндер, канамицин, оливомицин),
5.
ДНҚ синтезін тежегіштер (актиномицин Д, митомицин).
6.
Пурин жəне пиримидин негіздерін тежегіштер (азосерин, сорколизин).
7.
Тыныс алу үдерісінің тежегіштері (олигомицин).
8.
Тотыға-фосфорлануды тежегіш антибиотиктер (валиномицин, грамицидин,
колицин).
Қазіргі кезде əр түрлі микроорганизмдер культураларынан алынатын түрлі
антибиотикалық заттардың немесе олардың негізі жартылай синтетикалық болып
келетін дəрмектердің 6000-дай түрі зерттелген. Антибиотик өндірушілері ретінде
бактериялар, актиномицеттер мен саңырауқұлақтарды пайдалануға болады.
Мысалы, актиномициттерден антибиотиктердің 3000-ға жуық түрін алады.


108
Көптеген антибиотиктерге ауру тудыратын бактериялардың бейімделіп кетуі
себепті, оларға қарсы жаңа түрлерін жасап шығарудың қиындай бастауынан, 1960
жылдың орта шенінен бастап ғалымдар бұрынғы антибиотиктердің құрылымдық
ерекшеліктерін өзгертіп, модификациялау жолымен жүруді лайық деп табады. Бұл
мақсатта төзімді бактериялар ферменттерінің антибиотиктер əсерін инактивациялау
қабілетінен қорғау мүмкіндігін арттыру арқылы, қажетті дəрінің тиімді əсерін
арттыру бағытындағы жұмыстар жасалына басталды. Бұл бағыттағы басым
зерттеулер өзінің құрылымында төрт изо-лактамды шығыршық түзетін
пенициллиндер мен цефалоспориндерге əсер етуге арналды. Осындай төрт
b-
лактамды шығыршыққа метоксильді (СН
3
О) тобын қосу нəтижесінде грамм теріс
жəне пенициллинге төзімді бактерияларға қарсы тиімді əсер ететін, құрылымы
бойынша цефалоспориндерге жақын цефамициндердің пайда болуына алып келеді.
Мұндағы жүретін жартылай синтезінің түпкі мəні,
b-лактамды шығыршықтың бір
тұспалындағы үзігін, ферментация əсерімен молекеулада алынған басқа түрімен
химиялық əдіс арқылы алмастыру болып табылады. Негізнен цефамициндер жəне
пенициллиндерге қарсы төзімділік көптеген бактериялар, актиномицеттер,
цианобактериялар мен ашытқылардың құрамында кездесетін изо-лактамаза деп
аталатын ферменттердің болуына байланысты. Мұндай ферменттерді кодтайтын
гендердің плазмидтер құрамында болуы себепті, плазмидтерді бір бактериалды
штамдардан басқасына тасымалдағанда, бастапқы төзімділік ерекшеліктері де қоса
беріледі.
«Мерк, Шарп жəне Доум» фирмасының ғалымдары Streptomyces cattleya
тобының бактериялары синетездейтін жəне
b-лактамды антибиотиктердің жаңа
класына жататын тиенамицин алған. Тиенамициндер грамм оң жəне грамм теріс
бактерияларына қарсы өте тиімді жəне изо-лактамазасы түзілуіне жағдай жасауы
себепті, бұл 
антибиотиктердің 
мүмкіндіктері арта түседі.
b-лактамаза
ингибаторлары қатарына ағылшындық «Бичем» фармацевтік компаниясының
зерттеушілері анықтаған клавулан жəне оливан қышқылдары да жатады. Бұл
компания амоксициллин жəне клавулан қышқылдарының
b-лактамы антибиотик
комбинациясынан құрылған аугментин деп аталатын жаңа антибиотик дəрісін жасап
шығарған.
Антибиотиктер 10-30 өнімді гендерінің өзара əрекеттері нəтижесінде бөлініп
шығуы себепті, жабайы түрлеріндегі бір литрге бірнеше миллиграмдар ғана
бөлінетін өкілдерінің қайсібірінің мутацияға ұшырауы себепті 20 г/л жəне одан да
көп антибиотиктер өндіре алатын өнеркəсіптік Penicillium chrysogenum жəне
Streptomyces auerofaclens штаммдары түріне айналдыратын жекелеген өзгерістерін
бірден анықтау мүмкін болмайды. Мұндай жоғары өнімді штаммдар, кезегімен
өткізілген мутагенез жəне тұрақты түрде жүргізілген сұрыптау жұмыстары
нəтижесінде алынған болатын. Бағытты түрде жүргізілген мутациялар арқасында
жаңа қосалқы метаболиттер, атап айтқанда 6-диметилхлортетрациклин жəне 6-
диметилтетрациклиндер алынған болатын. Белгілі бір мутанттар, мысалы идиотроф
деп аталатындары, антибиотиктерінің жарты молекуласын ғана синтездей алса, орта
олардың екінші жартысымен байытылуы қажет. Мутациялық биосинтездің осындай
формасы антибиотиктердің жаңа, белгісіз аминоциклитольды тобына жататын
бастамаларын ашуға мүмкіндік берді.


109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет