Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет6/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Қажетті ДНҚ-ын бөліп алу жұмыстары техникалық жағынан қандай да бір
қиыншылықтар тудырмайды. Бұл əдіс ғылымда 40 жылдай қолданылып келеді.
Осындай экстракциялау жұмыстары нəтижесінде жасушалар мен ұлпалардан
құрамында ақуыз немесе басқа да заттары жоқ ДНҚ-ның таза түрі алынады. Қажетті
ДНҚ-ын бөліп алу жұмыстарының атқарылу кезеңдерін төменде келтірілген
сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады (сурет-4).
4-сурет. Қажетті ДНҚ-ын бөліп алу жұмыстарының атқарылуы
ДНҚ-ын рестриктаза ферменттері арқылы бөліктерге бөлу жұмыстарын
бірнеше əдістер арқылы жүзеге асыруға болады. Бірақта олардың барлығын гендік


17
инженерия мақсатында қолдана алмаймыз. Ол үшін үлескілерге бөлінген ДНҚ-ның
қайтадан бір-бірімен біріге алатындай күйде болуын қамтамасыз ету қажет болады.
Өткен ғасырдың 70 жылдарының орта шенінде рестриктаза ферменттерінің
көмегімен ДНҚ-ын кесілген ұштарына ДНҚ-ның екінші бір бөліктерін жапсыра
алатындай етіп бөлу мүмкіндігі ашылғаннан кейін, генетикалық инженерияның
дамуына кең жол ашылып, рекомбинантты ДНҚ алу технологиясының
қалыптасуына бастау болды. Мысалы E. coli ферменті алты жұп нуклеотидтен
тұратын ДНҚ үлескілерін белгілеп, осы бөліктегі ДНҚ-ның екі жіпшелі құрылымын
олардың кесілген екі ұштарының əрқайсысында төрт нуклеотидтерден құралған бір
жіпшелі үзіктерден тұратындай етіп кесе алады екен. Кесілген мұндай ұштар
комплиментарлы жəне бір-бірімен сутегілік байланыс арқылы өзара əрекеттесе
алатын болғандықтан «жабысқақ» деп аталады. Осы мақсатта қолданылатын
ферменттер, ДНҚ үлескілерін олардың құрамындағы нуклеин қышқылдарының
шығу тегіне байланыссыз танып-белгілей беретін болғандықтан, ДНҚ бөлінген
үлескілері ұштарының барлығы бірдей «жабысқақ» күйде болады. Сонымен бірге,
өздерінің əрекеттері нəтижесінде ДНҚ кесілген үлескілеріндегі екі үзік ұштары да
жапсырылған, яғни «доғал» күйінде болып шығуы себепті, бір-бірімен жабыса
алмайтындай дəрежеде дайындайтын рестриктаза ферменттерінің де бар екендігі
белгілі болды.
Рестриктаза ферменттерінің ДНҚ-ын кесу нəтижесінде олардың көптеген
бөліктері алынады. Бөліктердің саны бұл мақсатта қолданылатын рестриктаза
ферменттерінің түріне байланысты болады. Гендер «кітапханасын» жасау үшін,
ДНҚ-ын бірнеше ондаған немесе жүздеген мың бөліктерге бөлу қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет