Б.з. II мыңжылдықтың басында
ортағасырлық шығыстың мұсылмандық
тарихнамасы мен Ежелгі Русь
жылнамаларында Еуразия далаларының
шығыста Алтай тауларынан, батыста Карпат
таулары бөктерлеріне дейінгі алып
аумақта
көшіп-қонып жүрген негізгі халық атымен
аталған «Дешті- Қыпшақ» немесе
«Половецкое поле» ұғымы пайда болды
1970-1980 жж. қыпшақ
проблемасына
қызығушылық күрт күшейді. Оған
Оңтүстік Сібір, Ленинград, Орта Азия
тарихшы ғалымдарының еңбектері дәлел.
Олардың қатарында Ә. Марғұлан, А.
Кононов, И. Шаниязов, Г. Михаилова, З.
Анчабадзе, С. Ақынжанов, А. Қадырбаев,
Б. Көмеков, А. Гаркавец, т.б
1914 жылы неміс ғалымы И. Маркварттың
«О народности команов» еңбегі жарыққа
шықты. Автор парсы деректеріне сүйеніп
қыпшақтар өмірінен мағлұматтар
қалдырды
1884 жылы қыпшақтар тарихынан тұңғыш
еңбек жарық көрді. П. В. Голубовскийдің
«Печенеги, тюрки и половцы до нашествия
татар» еңбегі. Автор орыс жылнамаларына
сүйене отырып половецтердің орыстармен
әскери қақтығыстары, олардың
арасындағы
сауда, мәдени билеуші топ арасындағы
неке байланыстары туралы мәліметтер
Қыпшақтар туралы
Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы
VII ғасырдың екінші
жартысы - VIII ғасырдың
соңы. Қыпшақтар қимақ
бірлестігінің
құрамында
маңызды роль атқарды.
Алтай таулары, Ертіс өзені
бойын қоныстанған. Селенга
өзені бойынан табылған
Мойыншор құлыптасында
(759 жылы) орхон жазуымен
жазылған ұйғырлардың
«Қыпшақтар бізге елу жыл
үстемдік етті » деген
жазбалары кездеседі
.
VIII ғасырдың
соңы - XI
ғасырдың басында
қыпшақтар билікті өз
қолдарына алды. Қимақ
бірлестігіне енген тайпалар
қыпшақ аталды.
XI ғасырдың басы - XIII
ғасырдың басы қыпшақтар
батысқа жылжып,
Сырдарияның төменгі
ағысындағы оғыз мемлекетін
күйретіп, «Лазафат әл -Ғұз»
Дешті Қыпшақ құрамына
енді. Бұл Қыпшақ
хандығының күшейген
кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: