Қоғам тілдің пайда болуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму
заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша әске асады.
Тілдің дамуы заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы
туралы түрлі көзқарастар бар.
Мысалы. Н.Марр тілдің даму мәселесі жөнінде «сатылық даму теориясын»
ұсынды. Я.Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың
әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді. Ол
тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады
дейтін мүлдем қате көзқараста болды.
Кейбір лингвистердің (ағайынды Шлегельдер, Гумьболд және т.б) тілдің өткен
дәуірін – классикалық дәуір, ал бергі дәуірлер тілдің құлау, бүліну дәуірі деп
есептеулері ешбір шындыққа жанаспайды, мүлдем қате көзқарас.
Тілдің биологиялық құбылыстың қатарына жатқызатындар , мысалы неміс
лингвисті Август Шлейхер, тілдің дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп
дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді.
Тілдің даму заңдылықтарына келмес бұрын, алдымен тілдің заңдарын – жалпы
заңдар(общие законы) және жеке заңдар(частные законы) болып екіге
бөлінетіндігін айтып алуымыз керек.
Жалпы заңдардың қатарына тілдің әр түрлі құрылымдық элементтерінің даму
қарқынының біркелкі болмауын жатқызуға болады.
Тіл дамуының жеке заңын оның барлық саласымен, атап айтқанда:
лексикамен де, грамматикасыменде, фонетикасынан да табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: