«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА» Химия кафедрасы
Силлабус
Орын.: Абдурахманова Л.А.
48 беттің 6 беті
-ағымдық, аралық және қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде Академиялық
адалдық кодексін сақтау. Аралық және қорытынды бақылаудың барлық жазбаша жұмыстары
антиплагиатқа тексеруден өтеді. Білім алушы орындаған жұмыстарда плагиат анықталған
жағдайда, бағаланатын жұмыс түрі үшін баллдар «0» - ге теңестіріледі.
Оқытушы міндетті: - әр студенттің сабаққа шығуын белгілеу. Студенттердің сабаққа қатысуына күнделікті / апта
сайын мониторинг жүргізу.
- объективті себептер бойынша (нашар байланыс немесе оның болмауы, электр қуатының өшуі,
техниканың істен шығуы және т. б.) online режимінде студент болмаған жағдайда студентке
қосымша ауызша сұрау салуды қамтамасыз ету.
- қашықтықтан оқыту жүргізілетін платформалардың бірінде түсініктеме бере отырып, білім
алушының әрбір жұмыс түрін бағалау;
- білім алушының оқу жетістіктерінің балдарын Сириус
Оқытушылар мен білім алушылар міндетті: -
қашықтықтан оқыту немесе жұмыс форматында онлайн-сессия (бейне ағынын
трансляциялау) өткізу кезінде визуалды және сөйлеу этикетін сақтауға, атап айтқанда: дресс-кодқа
(ұқыпты сыртқы келбетке) қойылатын талаптарды сақтауға, дененің ашық бөліктерін, әдепсіз,
арандатушылық немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзатын бейнелерді,
оның ішінде киім мен фон көрсетуге жол бермеуге, осы курс бойынша білім алушы болып
табылмайтын адамдарды трансляцияға тартпауға, үй жануарларын көрсетпеуге, сабақтың немесе
академиялық сипаттағы басқа іс-шараның қалыпты барысын бұзуға назар аудартатын кез-келген
бөгде қылықтарды жасамауға;
-
білім алушы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқытушы немесе академиялық
әкімшілік өкілеттіктерге ие кез келген өзге тұлға білім алушының осы сабаққа/іс-шараға қол
жеткізуін тоқтатуы немесе бұғаттауы және сабақты белгісіз себеппен өткізіп алу фактісін тіркеуі
тиіс.
-
осы ережелердің бұзылу сипатына байланысты университет әкімшілігі, оқытушылар мен
білім алушылар тәртіп бұзушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында Фармация
мектебінің деканатына жүгінуге құқылы.