413
жоғалтуға қатты күйзеледі. Интерналды бақылау локусы бар
адамдар қадағалау немесе бейне бақылаудан гөрі жалғыздықта
жақсы жұмыс істейді. Экстерналдарға кері мінез-құлық тəн.
Интерналдар
мен
экстерналдар
əртүрлі
əлеуметтік
жағдайларды интерпретациялау тəсілдері жəне ақпаратты
алу тəсілдері жəне оларды түсіндіру механизмдері бойынша
ерекшелінеді. Интерналдар ақпаратты неғұрлым белсенді іздейді
əрі əдетте экстерналдарға қарағанда жағдай жөнінде жақсы хабар-
дар болады. Бірдей жағдайда интерналдар сол жағдайға қатысатын
индивидтерге жауапкершілікке көп мəн береді.
Субъективті бақылау деңгейін зерттеу сұрақнамасы 44
пунктіден тұрады. Сұрақнаманы пайдалану спектрін арттыру үшін
ол 2 нұсқада құрастырылған. А нұсқасы зерттеу мақсаттарына
арналған. Ол «+3» жауабы «толықтай келісемін», «-3» - аталмыш
пунктіге мүлде келіспеймін деген 6 ұпайлық бағана бойынша жа-
уапты талап етеді. Б нұсқасы психодиагностикаға арналған жəне
«келісемін-келіспеймін» деген бинарлы бағана бойынша жауап
беруді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: