Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Екі фактордың конвергенциясы жайлы теория



Pdf көрінісі
бет17/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

2.5. Екі фактордың конвергенциясы жайлы теория
ХХ ғасырдың басында тұқымқуалаушылықтың баланың
дамуына ықпалы жайлы деректер жеткілікті жинақталған еді. 
В. Штерн басқа теориялардың біржақтылығын жою үшін екі 
фактордың теориясын құрастырды. Ол теория бойынша баланың 
психикалық дамуы тұқым қуалаушық пен ортаның сыртқы 
əсерлері сияқты ішкі мəліметтердің конвергенциялануының 
нəтижесі болып табылады. Штерннің ұсынған анықтамасы – 
«даму тұқымқуалаушылықтың Х-бірліктерімен жəне ортаның 
Ү-бірліктерімен анықталады» деген түсініктемеге өңделді. Те-
стология (психодиагностика) бөліміндегі жетекші мамандардың 
бірі Анна Анастази кез келген мінез-құлықтың бір уақытта 
тұқымқуалаушы жəне орта факторларына қатар негізделеді. Демек, 
бала мінез-құлқының бақыланушы даралық айырмашылықтарына 
тұқымқуалаушық пен орта факторларының пропорционалды 
үлесін анықтау қажет. 
В. Штерн теориясының негізгі тұрғыларын теңеу арқылы 


40
қарастырып көруге болады. Жерге түскен дəн өніп, өсіп шығады. 
Оның бидай, сұлы немесе басқа өсімдік болып өсіп шығатыны 
тұқымқуалаушылықпен анықталады. Алайда, бидай шөл, суық 
сияқты жағымсыз жағдайларға тап болса, ол өз əлеуетін жүзеге 
асыра алмай, өнбей қалады. Тұқымқуалаушылық даму жоспарына 
сəйкес ненің өсіп шығатынын, ал сол жоспардың жүзеге асыры-
луына жағдай жасайды. В. Штерн баланың психикалық дамуына 
тұқымқуалаушық пен ортаның үлесін ашатын негізгі төрт тұрғыны 
құрастырады. Ол тұрғылар бойынша тұқымқуалаушылықтың 
жетекші рөлді атқаратыны, ал орта өзінің қасиеттерін анықтайтын 
лакмус қағазы ретінде қызмет ететіндігі көрсетілген.
Бірінші тұрғы бойынша В. Штерн қажеттілікті жəне оны 
қанағаттандыратын механизмді анықтайтын алдын ала анықталған 
тума тұқым қуалайтын мақсаттарды көрсетеді. Бірінші мақсат – 
өзін-өзі сақтауға ұмтылыс болса, екіншісі – физикалық жəне ру-
хани жетілумен қатар өзін-өзі дамытуға ұмтылыс. Психикалық 
даму нұсқалған екі бетбұрыспен анықталады. Өзін-өзі дамыту 
бетбұрысы едəуір бейімді, мүлтіксіз, жаңа қабілеттердің дамуы 
мен пайда болуын шарттандырады, ал өзін-өзі сақтау бетбұрысы 
дамудың жетістіктерін тұрақтандырады. 
Екінші тұрғы қабілеттер дамуының заңдылықтарын 
анықтайды. 
В. Штерннің ойынша қабілеттерді сөз еткенде нышандар 
мен қасиеттерді ажырата білу қажет деп есептейді. Нышандар 
адам қабілеттері дамуының шегін шарттандырып, тек тұқым 
қуалаушылықпен анықталады. Ал қасиеттер – өзін-өзі сақтаудың 
арқасында белгілі беріктігіне ие болған жүзеге асырылған 
қабілеттер. Орта нышандар дамуының айшықталуына ықпал етуі 
немесе оларды тежеуі мүмкін. Егер жағымды жағдайлар болма-
са нышандар жасырын, латентті күйде сақталып, көрініс бермеуі 
мүмкін. Алайда нышандарда жоқ дүниеге қандай тəрбие бол-
са да қол жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, зерттеушінің ойын-
ша жағымсыз ортаның өзінде талант өзінің жолын таба ала-
ды. Біз жағымды ортаға түскенімізде таланттарымыз гүлденіп 
шыға келеді жəне керісінше нышандардың болмауы қабілеттер 
дамуының төмен деңгейін алдын ала болжайды. 
Үшінші тұрғы даму ырғағына байланысты. Психикалық 
дамудың ырғағы да тұқымқуалаушықпен анықталып, ортамен 


41
немесе тəрбиемен аса өзгерістерге ұшырай қоймайды. Алайда 
В. Штерннің ойынша тəрбиенің болмауы қабілеттер дамуының 
нышандармен анықталған жоғарғы шегіне жету мүмкін болмай,
дамудың ырғағы біршама тежелуі мүмкін. 
Төртінші тұрғы даму кезеңдерінің реті мен мазмұнының 
тұқымқуалаушылықпен анықталуына негізделеді. 
Л. С. Выготскийдің ойынша, эволюциялық нативизмнің 
өкілі болып табылатын А. Геззел даму тұқымқуалаушылықтың 
Х-бірліктерімен жəне ортаның Ү-бірліктерімен анықталатын 
қарапайым қызмет емес деп жазған. А. Геззелдің ойынша дамудың 
себептерін сол үдерістің өзінен іздестіру қажет, өйткені дамудың 
өзі үздіксіз, өзін-өзі шарттандыратын үдеріс болып табылады. 
«Тұқымқуалаушылық» ұғымының өзін нақтылау қажет. 
Екі факторлар теориясында тұқымқуалаушылық биологиялық, 
органикалық фактор ретінде түсіндіріледі. Алайда, адамның 
тұқым қуалауы əлеуметтік себептеліп, тарихи дамудың өнімі 
екендігі ескерілмейді. Тұқымқуалаушылықты, генетикалықты 
əлеуметтікпен салыстыруға болмайды. Тұқымқуалаушылық 
ықпалының өзі ортаның жағдайларымен жəне ересекпен қарым-
қатынаспен жанамаланады.
Осылайша дамудың заңдылықтарын орта мен тұқым 
қуалаушылықтың өзара əрекеттестігі арқылы түсіндірудің өз 
мақсатына жетпегендігін қорытындылауға болады. Баланың ере-
секпен қарым-қатынасының жəне белсенділігінің мəнін анықтау 
мəселесі туындауда. Ол мəселенің шешімі Л. С. Выготскийдің, 
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, А. В. Запорожецтың 
еңбектерінде өрбітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет