Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы



Pdf көрінісі
бет20/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы
Қорғаныс механизмдері психодинамикалық күштер тепе-
теңдігінің бұзылуын жəне индивидтің біртұтастылығына 
төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға бағытталған əрекеттердің 
жиынтығын білдіреді. Олар мінез-құлықта көрініс беру 
ерекшеліктері, тұлғада пайда болған бұзылыстың типі, 
генетикалық кезеңі, қақтығыстарды өңдеу конструктивтілігі бо-
йынша ажыратылады. Қорғаныс механизмдері мəселесін З. Фрейд 
құрастырады. Ең маңызды қорғаныс механизмдері төмендегідей:

ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс 
сақтау жəне аластату;


46

регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формалары-
на, объектілі қатынастарға, дамудың едəуір ерте кезеңдеріне қайта 
оралу;

кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;

реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен 
жəне ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру, 
қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;

проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне 
кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;

идентификация – едəуір құдіретті жəне билікке ие 
адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір 
жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са-
лыстырады;

изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша 
ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін 
тəсілдердің жиынтығы;

орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз 
аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері неғұрлым 
төменірек фигурамен алмастыру;

рационализация – жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың 
бұрмалануы;

сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік 
қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
Қорғаныс механизмдерінің генетикалық тұрғыда ерте түрлері 
– ығыстыру, регрессия, кету болса, неғұрлым кеш түрлері – рацио-
нализация, сублимация болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет