Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет40/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

3. Қарым-қатынастың рөлі
Баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынастың мəні 
төмендегідей деректермен дəлелденеді;

қарым-қатынас жетіспеушілігінің немесе əлеуметтік 
депривацияның баланың дамуына ықпалымен;

балалардың жануарлармен тəрбиеленуімен: адамдармен 
қарым-қатынас болмаса, даму да болмайды;

соқырмылқау балалардың тəрибесімен дəлелденуде. Егер 
осындай бала тəрбиенің əлеуметтік жағдайынан тыс қалатын 
болса, оның интеллектісінің сақталғандығына қарамастан, ақыл-
ойының терең кемістігіне əкелуі мүмкін. Тəрбиенің арнайы жүйесі 
толыққанды дамуды қамтамасыз ете алады. 
Бала қарым-қатынасының дамуының қызметтері, құрылысы 
жəне заңдылықтары М. И. Лисинаның еңбектерінде қарастыры-
лады. Қарым-қатынас қатынасу іс-əрекеті ретінде мəдени 
тəжірибені жеткізеді; біріккен іс-əрекетті ұйымдастырады
тұлғааралық 
қатынастарды 
қалыптастырып, 
дамытады; 
адамдардың бірін-бірі жəне өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. 
Қарым-қатынастың құрылысы қарым-қатынастағы серіктес 
ретіндегі зат пен басқа адамнан; қарым-қатынастағы қажеттіліктен,
басқа адамдарды тану мен бағалауға ұмтылысынан, ол арқылы 
өзін-өзі тану мен бағалаудан; əрекеттер – бастамашыл актілер 
мен жауап əрекеттерінен; міндеттерден немесе мақсаттардан
құралдардан (вербалды, ым-ишара, заттық) жəне т.с.с.; өнімдерден 
(материалды жəне рухани сипаттағы құрылыстар) құралады. 
Əрбір жас ерекшелігі үшін қарым-қатынастың өзіндік түрі 
тəн. Оларды топтастыру өлшемдері: пайда болу уақыты, баланың 
тіршілік əрекетіндегі орны, қажеттіліктері, қарым-қатынас 
мотивтері мен құралдары.


98
М. И. Лисина қарым-қатынастың балалалық шақтың туғаннан 
жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрін 
көрсетеді (9-кесте):
9-кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет