Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Нəрестенің психологиясы жайлы түсінік



Pdf көрінісі
бет54/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

2. Нəрестенің психологиясы жайлы түсінік
Балалар психологиясының бір жастағы балалардың өмірін 
зерттеуге байланысты бөлімі – нəрестелік кезең психологиясы 
əлі жас сала. ХХ ғасырдың басына дейін психологтардың нəресте 
жайлы білімдері күнделікті бақылаумен ғана шектелінген бола-
тын. 
Ондай жағдайдың туындауы нəрестенің нақ осы шақтың 
емес, болашақтың адамы ретінде анасының құрсағынан тыс 
жетілген организм ретінде қарастырылуына байланысты болды. 
Ересектер нəрестенің дене бітімінің дамуын, яғни – қоректенуін,
жылулықты, ұзақ мерзімде ұйықтау жағдайларын қамтамасыз 
етуге тырысқан. 
Нəрестелік 
шақ 
психологиясының 
салыстырмалы 


133
кешеуілдеуінің келесі бір себебі 1 жастағы балалардың психоло-
гиясын зерттеудің əдістемелік қиыншылықтарына байланысты
өйткені нəрестелер сөйлей алмайды, қозғалыстарын ырықты түрде 
реттей алмайды, олардың өз бетінше орындайтын əрекеттерінің 
кешені біршама шектеулі. 
Бейне техникаларының жəне əртүрлі өлшеуіш құралдардың 
пайда болуы, кішкентай балалардың психикалық өмірі жай-
лы жаңа əрі көбінде күтпеген деректердің алынуына жəне 
нəресте психологиясының қауырт жетілуіне ықпал етуде. Алай-
да бұл деректер нақты ғылыми тұрғылардың шеңберінде ғана 
талқыланды. Мəселен, бихевиоризмде нəресте өзінің дара 
өмірінің жаңа жағдайларына бейімделуші табиғи организм 
ретінде қарастырылады.
Ж. Пиаже бала өмірінің алғашқы жылын оның интеллектісінің 
дамуына сəйкес сипаттайды. Оның ойынша, əлеуметтік 
құбылыстардың ықпалына түспеген ақыл, табиғи дербес заңдары 
бойынша тіршілік етеді. 
Психоаналитикалық тұжырымдамада нəрестенің ересектер-
мен инстинктивті сипаттағы қатынастарына ерекше көңіл бөлінеді. 
Психоаналитикалық бағытты ұстанушылар «госпитализм» деген 
құбылысты анықтайды. Ол құбылыс бойынша баланың ересек-
термен қарым-қатынасы жетіспегенде оның психикалық дамуы 
күрт кешеуілдеп, бұзылады. 
Л. С. Выготский нəрестені жоғары дəрежедегі əлеуметтік ағза 
ретінде қарастырған, өйткені оның əлеммен қатынасы туғаннан 
жақын ересектермен қарым-қатынасы арқылы жүреді. 
Ересек адам нəресте үшін барлық жағдайлардың орталығы бо-
лып табылады. Оның белсенділігін жүзеге асырудың ең үйреншікті 
жəне табиғи жолы тек ересектің қатысуымен басқа адам арқылы 
ғана жасалады. Бала үшін ересектің болмағаны оның өзі қатысқан 
жағдайдың күрт өзгеруін білдіреді.
Ересектен психикалық ажырау жағдайы едəуір кеш 
кезеңдерде орын алады. Өзінің жəне басқаның қосылуының 
алғашқы күйзелісі оның дербес «Менін» сезінуіне əкеледі.
Қазіргі кезде нəрестелік жастың біртекті кезең емес екені 
жайлы ұғым басым болуда. Оның ішінде баланың психикалық
дамуының сапалы өзгеше үш кезеңін қарастырады, олар: жаңа 
туған нəресте кезеңі, бала өмірінің алғашқы жылының бірінші, 
екінші кезеңдері.


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет