2. Жеке тұлғаның мінез-құлқы жəне дене бітімі типтерінің
байланысы
Ересек кезде балалар дене тұлғасының əртүрлі типінің бар
екенін түсіне бастайды жəне оларда өз денесінің типі, пропорция-
лары туралы дəл болжамдары қалыптасады.
Кез келген форманың өзіндік мазмұны бар. Дененің форма-
сы адам жанының жəне ішкі рухани əлемінің айнасы, адамның
психикалық функциясының мəні. Психология тарихында үлкен
бағыт қалыптасқан, яғни ол жеке тұлғаның мінез ерекшеліктері
мен дене құрылысының арасындағы байланысты үйретеді.
Эрнест Кречмер, мынадай концепцияны ұсынды: тəндік
типтердің ұйымдасуы – астеникалық, атлеттік жəне
пикниктік. Күнделікті тұрмыс тіршілігінде біздер осы
қарапайым биологиялық бейімділікті куəландыратын үш типті
көп кездестіреміз. Э. Кречмердің тұжырымы бойынша, дене
құрылысының басты осы үш типі, мінез акцентуациясының үш
типі сəйкес келетінін көрсетеді. Астеникалық типке – шизотимдік,
пикниктік типке – циклотимдік, атлетиктік типке – иксотимдік
мінез акцентуациялары сəйкес келеді.
Э. Кречмер типологиясына сүйене отырып, адамның дене
бітімі оның психологиялық мінездемесімен байланысты екенін
байқауға болады.
Астеникалық тип
Астеник тұйық, аутикалық, эмоциялық жағынан ұстамды,
қимыл-əрекеттері икемсіз, сенімсіз, мақсатқұмар емес жандар.
Бұл Э. Кречмер бойынша:
– нəзік, сезімтал аристократтар;
– əлемнен жат идеалистер;
– суық, өктем мінезді эгоистер;
– пайдакүнем адамдар.
Пикниктік тип
Бұларға тəн қасиеттер: орта бойлы, тығыз денелі, жұмсақ
кең жүзді, қысқа, кесек мойынды, көкірек клеткасының астыңғы
жағынан шығыңқы, салмақты қарны орналасқан. Пикниктердің
қимыл-қозғалысы
икемді
жəне
жақсы
координациямен
айрықшаланады. Пикник – астениктерге толық қарама-қайшы.
242
Ол коммуникабельді, эмоционалды ашық, мейірімді, қайырымды,
көзқарастары шынайы адамдар.
Пикниктердің айрықша байқалатын темпераменттерін мына-
дай шағын топтарға бөлуге болады:
– сөзшең-көңілді
– байсалды əзілқойлар
– тыныш, ақ жүректі адамдар
– қуатты практиктер.
Атлеттік тип
Жалпы сырт кескіні мынадай: орта немесе ұзын бойлы,
бұлшық еттері жəне сүлдесі өте күшті дамыған адам. Атлеттер
сабырлы, онша əсер қалдырмайтын мимика мен жест маңызды,
сондықтан олар осындай ерекшеліктерімен дараланады. Олардың
бір жерден екінші жерге бейімделуі өте қиын жəне оған тəн қасиет
ойлаудың алғыр еместігі.
Ағылшын психологы В. Шэлдон үшін ең бастысы тип туралы
түсінік емес, дене бітімінің компоненттері. Зерттеу қорытындысын
антроскопикалық əдістің көмегімен ол дене бітімін үш нұсқаға
бөлді; эндоморфты, мезоморфты жəне эктоморфты.
Эндоморфтық тип
Олар жалпы сфералық формаларымен сипатталады:
жұмсақтық, үлкен қарнының болуы, көп мөлшерде иығы мен
сандарының майлы болып келуі, ішкі органдарының ірілігі,
қолдары мен аяқтарының бос болуы жəне сүйектерімен бұлшық
еттері жақсы жетілмеген.
Мезоморфтық тип
Кең иықты жəне көкірек клеткалары да жақсы дамыған, қолы
мен аяғының бұлшық еттері мықты, тері асты майының шағын
мөлшерде болуы, шомбал басының болуы осы типтегі адамдарға
тəн.
Эктоморфтық тип
Бет-əлпеті шығыңқы, арық адам кейпінде болады, кең
маңдайлы, қолдары жіңішке ұзын, кеуде клеткалары тар, бұлшық
еттері жақсы жетілмеген жəне тері асты майлы қабаттары бол-
майды. Сонымен бірге, В. Шэлдон алғашқы темперамент
компоненттерімен сəйкес келетін белгілердің топтамасын жа-
сады. Олар: висцеротония (организмде ас қорытатын функция-
ны атқарады), соматотония (қимыл аппараттарын басқарады)
243
жəне церебротония (жоғары нерв орталықтарын басқарады).
Темперамент пен дене бітімінің арасындағы корреляцияны, яғни
эндоморфтық типке – висцеротонияның, мезоморфтық типке –
соматотония жəне экзоморфтыққа – церебротонияның сəйкес
келетінін көрсетті.
14-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |