195
шебері іске қосылады. Шебердің еске салуымен құрал-жабдықты орнатуды
жүргізу қажет. Автоматты түрде барлық қажетті драйверлер орнатылатын
болады. Енді, егер бағдарламаның интерфейс терезесінен Сервис қосымша
бетін және пайда болған мәнмәтін мәзірінен Тақта жолын таңдайтын
болсақ, онда Ардуино қолжетімді тақтасынан тізім шығатын болады және
Arduino Uno тақтасының жанында нүкте тұратын болады, яғни
бағдарлама керекті тақтаны өзі анықтады. Әрі қарай Сервис қосымша
бетін және жүйелі порт жолын таңдаймыз және тақтаның COM9 портына
орнатылғанын көреміз. Сондай-ақ, оң жақтағы интерфейс терезесінің ең
төменгі жолында орнатылған Ардуино тақтасы мен СОМ-порт үлгісі
көрсетіледі. Осыған көңіл аударған жөн: өтйкені, егер тақта қандай да
бір себептер бойынша СОМ9 портынан басқа портқа аттап кетсе, онда
компьютермен байланыс жоғалатын болады. Тақталар (COM және
LPT)жолындағы Windows операциялық жүйедегі құрылғы диспетчерінде
тағы Arduino Uno (COM9) жазбасы пайда болады. Егер интерфейс
терезесінен Сервис қосымша бетін және Бағдарламалағыш жолын
таңдайтын болсақ, онда автоматты түрде бағдарламалағыш үлгісі
таңдалғанын көре аламыз. Таңдалған операцияны өзгеріссіз қалдырамыз.
Бағдарламаны жазу кезінде, кітапхананы қосуға болады. Кітапханалар
аппараттық бөлікпен жұмыс кезінде және деректерді өңдеу кезінде
қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Кітапхананы пайдалану үшін, мәзірден
Скетч кітапхананы импорттау орнын таңдау қажет. Сонымен бірге, скетчте
#include нұсқауы қосылады. Кітапхананы жүктеу Arduino жадынан
қосымша орынды қажет етеді. Пайдаланылмаған кітапханаларды скетчтен
#include нұсқауын алып тастай отырып, жоюға болады. На сайте Arduino.
cc сайтында қолжетімді кітапханалар тізімі болады. Бірқатар кітапханалар
Arduino әзірлеу ортасына бұрыннан қосылған. Басқалары әртүрлі
ресурстардан жүктелуі мүмкін. Әдепкі қалпы бойынша Arduino IDE
бағдарламалық қамтымын орнату кезінде, компьютерде орнатылған,
операциялық жүйеде пайдаланылатын сол тіл таңдалады. Тілді мәзірдегі
Файл -Реттеу орнын таңдап, өзгертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: