Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет188/193
Дата10.10.2022
өлшемі4,5 Mb.
#42207
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   193
 
Ұршық 
 
Əжеміз қартайды. Бірақ соның өзінде қол 
қусырып қарап отыра алмайды. Ауылдағы 
ағайындарға келім-кетім адамдардан сəлем 
жолдап, түйенің шудасын, ешкінің түбітін ал-
дырып тұрады. Күн көзі ашық, жайма-шуақ 
күндері немерелерін жанына жинап алып, тү-
бітті қылшығынан тазартады, жүн түтеді.
Қолдың майы, шүйкенің шуашы сіңіп, əб-
ден күстенген көне ұршықты суретші келіні 
қырнап-қырнап, сырлап-сырлап, содан кейін 
үстінен лак жүргізген. Енді көрсең, көздің 
жауын алады. Қысқа көйлекті, ұзын сирақты 
немере қызы сияқты өзінің. Немере демекші... 
- Қара! Қара! – деді үш-төрт жасар не-
мере қызы. – Аумаған балерина! Бəшпайының 
ұшында тұрып шыр айналады. Билеп жүр! 
- Жо-оқ! Билеп жүрген жоқ! Жіп иіріп 
жатыр – деп түзетті одан сəл ересектеу не-
мересі.
- Екеуіңіздікі де дұрыс, - деді Əжесі. – 
Дəлірек айтар болсақ, билеп жүріп шаруасын 
тындыруда. Шын көңілмен, шын ықыласпен 
істеген жұмыс қана сапалы болады. Еңбекті 
қуаныш деп түсінетін адам ешқашан қартай-
майды. Біреуден бірдеңе үйрену керек болса, 
алдымен осы Ұршықтан үйренер едім! [9, 438-
439]. 
Келесі талдауға беріп отырған «Тығын мен 
Спирт» атты əңгімесінде жазушы мансапты кө-
тере алмай, мастанатын жандар образын Спирт 
атты кейіпкердің бойына сыйғызады. Қадыр 
Мырза Əли «Ғибратнама» жинағына енген бар-
лық əңгімесіне кейіпкер есімдерін жіті сарап-
тап алған. Көркем мəтіндегі поэтонимдер ав-
тордың ойының жеткізілуіне, таңдаған жанры-
ның толық ашылуына қызмет етеді. Сондықтан 
да шығармадағы поэтонимдер тегінен-тегін 
қойылмайды. Көркем мəтінде кездейсоқ кейіп-
кер есімдерінің болуы мүмкін емес. Бұл əңгі-
мелерде оқырман кейіпкердің атын естіп-ақ 
оның образын көз алдына елестете алады.
Спирт сұйықтығы тығынсыз қасиетін жояды. 
Оның тығынсыз күні жоқ. Тығынсыз тұрса 
ұшып, жоқ болатыны белгілі. Бұл атаумен ұш-
қалақ, ессіз, желөкпе адамның бейнесін беруге 
болады. Автор спирттің осындай қасиетін мə-
тінде шебер пайдалана алған: 
 
Тығын мен Спирт 
Сəл аузы ашылса болды Спирт:
- Тығын барып тұрған диктатор! Аузың-
ды аштырмайды! Өмір бақи бізді тұншықтыру-
мен келеді! – деп əлемге жар салады. 
Туысқандары мен жанашыр жолдастары бі-
рақ ақыл айтып көріп еді, Спирт ештеңе түсін-
беді. Түсінгісі де келмеді. Тығыны сəл алынса 
болды:
- Ағайындар! Азаматтар! Бізге көмектесің-
дер! Құтқарыңдар Мына Тығыннан! Ол барып 
тұрған тұншықтырғыш! – деп байбалам салуын 
тоқтатпайды.
Спирттің бұл дауынан ең алдымен Тығын-
ның өзі жалықты. Завод басшыларына барып, 
басқа жұмысқа ауыспақ болып еді, босатпады. 
Содан кейін амалы таусылған Тығын үн жоқ, 
түн жоқ өзіне тапсырылған даукес Спирттің 
аузын ашық тастап, тайып тұрды. Оны ешкім 
байқамады. Шкафтың ішінде, басқа шишалар-
дың тасасында көзге көрінбей тұрған Спирт, 
Тығаннан құтылып, біраз желікті. Күнімен ле-
пірді, түнімен лепірді. Не ойласа, соны айтты. 
Тиіспейтіндерге тиісті... Ақыры бір-екі аптаның 
ішінде ұшып-ұшып, ауаға сіңіп тынды. Не өзі, 
не сөзі қалмады.
Еркіндікті естілер ғана көтереді. Спирт 
сияқты желөкпе немелер бостандықтың қадірін 
қайдан білсін?! [9, 436]. 
Мəтіндегі «Еркіндікті естілер ғана көтере-
ді» сентенциясы халқымыздың «Семіздікті қой 
ғана көтереді» деген мақалымен үндес келеді. 
Демек, бұл сентенцияның əртүрлі ситуцияда 
жеке қолданыла алу мүмкіндігі үлкен. Бұл тек 
уақыттың еншісіндегі жайт.
Қадыр Мырза Əли прозасында кездесетін 
сентенцияларды талдай келе түсінгеніміз, əр 
мəтінін (мейлі поэзия не проза болсын) осын-
дай нақыл сөздермен, яғни сентенциялармен 
түйіндеу, бұл – ұлы қаламгердің өзіндік өрнегі, 
қайталанбас шеберлігі. Қадыр Мырза Əли ба-
ғасын өз заманында алған ақын, жазушы. «Фи-
лософиялық түйішіл» ақын тек поэзиясында 
ғана философиялық ойлар айтып, халқын ізгі-
лікке шақырған жоқ, сонымен бірге, прозасын-
да да халқына дəл осындай керемет түйінді 
нақыл сөздер қалдырды. Қадыр афоризмдері өз 
алдына бір төбе болса, оның контекстегі сен-
тенциялары да афоризмдеріндей жеке-дара қол-
данылуға сұранып тұрған кесек түйіндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет