Қабылдаған: Масалимова Әнел Нұржанқызы Орындаған: Әділбек Нұрай Әділбекқызы Мамандығы: Жалпы медицина Тобы: 1108



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата11.10.2022
өлшемі131,91 Kb.
#42419
  1   2   3
Байланысты:
Әділбек Нұрай-2



БАЯНДАМА 
Тақырыбы: Жасуша биофизикасы 
 

 
 
 
 
Қабылдаған: Масалимова Әнел Нұржанқызы 
Орындаған: Әділбек Нұрай Әділбекқызы 
Мамандығы: Жалпы медицина 
Тобы: 1108 


Кіріспе 
Өздігінен өмір сүруге, дамуға және көбеюге қабілетті қарапайым тірі
жүйе – 
тірі жасуша 
– барлық жануарлардың, өсімдіктер мен 
микроорганизмдердің құрылымының негізі. Жасушаның тіршілік етуінің 
маңызды шарттары, бір жағынан, қоршаған ортаға қатысты автономиялығы 
екінші жағынан, қоршаған ортамен байланысы 
Жасуша биофизикасының маңызды бөлігі - мембрана биофизикасы, оның 
медицинада маңызы зор. Тіршілікке тән барлық процестер биологиялық 
мембранада өтіп отырады, оның бұзылуына көптеген патологияның 
себепшісі болады. Адамға емдеу мақсатында әсер ету - биологиялық 
мембраналардың қызметіне әсер етумен тығыз байланысты болып келеді 
Жасушаның өмір сүруінің басты шарты- ол биологиялық мембраналар. 
Биологиялық мембрана құрылысының алғашқы моделін 1902 жылы 
Отвертон ұсынған. Ол мембрана арқылы липидтерде еритін заттарды 
байқаған. Жәнеде Мембраналар фосфолипидтердің жұқа қабатынан тұрады 
деген идея ұсынған!
Оны полярлық және полярлық емес шекара беттерінде фосфолипидтер 
бірмолекулалық қабат құрайды. 
Сол кезде фосфолипидтердің полярлық бастары суда болса , полярлық 
емесі майда немесе ауада болады. 
Биологиялық 
мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі 
бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде 
орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-
липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана фосфолипидтік 
құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, яғни жасушада 
тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың 
алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын 
реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана 


жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты 
ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың 
құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың 
басында белгілі болды. 
Биологиялық мембраналардың үш қызметі бар: 
- бөгеттік 
- матрицалық 
- механикалық 
1925 жылы Гортер мен Грендель эритроциттер мембранасынан алынған 
липидтердің бір қабатының ауданы эритроциттерден екі есе үлкен 
болатынын айтып , дәләлдеген 
Мембрананың электрлік параметрлерін зерттеген ғалымдар Коул мен 
Кертис 1935 жылы 
Өздігінен өмір сүретін, дамитын және көбейетін тірі жүйе-жасуша. 
Жасушаның құрам бөлігі ретінде биомембрананың қызметі әртүрлі. Ол 
жасушаны қоршаған ортамен байланыстырады, одан оқшаулайды. Липид 
молекулаларының ұзындығы 3,5 нм, ақуыздың бір қабатыныңқалыңдығы 
1нм-нен аспайды деп есептегенде жасуша мембранасының қалыңдығы 8 нм-
дей болады. Оның ең негізгі липиді-лецитин. Биологиялық мембраналар-
табиғаттағы ең алғашқы және универсалды молекула үстілік құрылымдар. 
Олардың екі өлшеудегі ұзындығы қалыңдығынан жоғары болады. Бірақ 
мембрананың қызмет атқару қабілеті үшін жауап беретін механизмдер оның 
қалыңдығымен байланысты болып келеді. Мембраналар тек қана жартылай 
өткізетін, пассивті қабықтар емес, олар жасушаның бүкіл маңызды 
қызметтеріне қатысады, олар бүкіл органеллалардың құрамына кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет