Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау



Pdf көрінісі
бет32/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   183
Стандарт қүрылымы
Стандарттар келесі құрылымдық элементтерден тұрады:
1. Титул парағы
2. Алғы сөз


I тарау. Стандарттау 43
3. Мазмүны
4. Кіріспе
5. Аталуы
6. Қолдану саласы
7 Нормативтік сілтемелер
8. Анықтамалар
9. Белгіленуі және қысқартулар
10. Талаптар
11. Қосымшалар
12. Библиографиялық деректер
Стандартқа қосымша қүрылымдық элементтер кіргізуге болады.
1. Титул парағы. Стандарттың бірінші беті болып келеді. 
Мемлекеттік стандарттардың титулдық бетінің жоғарғы бөлігінде 
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының суреті орналасады.
2. Алгы сөз. Стандарттың титулдық бетінің екінші жағына 
орналасады. «Алғы сөз» бас әріптен бастап жазылып, беттің орта- 
сында орналасады. Алғы сөзде келтірілген деректер соңына нүкте 
қойылмаған араб цифрларымен (1, 2, 3, жэне т.б.) нөмірленеді 
жэне келесі бірізділікпен орналастырылады:
- Стандарты бекітуге жіберген үйым туралы мәліметтер:
ӘЗІРЛЕП ЕНГІЗДІ (стандартты эзірлеп енгізуге үсынган
органның 
(үйымның, 
стандарттау 
бойынша 
техникалық 
комитеттің) аты және оның нөмірі).
Егер стандарт бір үйыммен жасалып, ал бекітуге басқа 
үйыммен үсынылса, онда стандарты жасаушы мен ұсынушы тура­
лы мәліметтер бөлек келтіріледі:
- стандарттың бекітіліп іске қосылғаны туралы мәліметтер:
- БЕКІТІЛІП КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛДІ стандартты бекіткен 
(орган, фирма, бірлестік аталуы), стандарт бекітілген 
үйымдастыру-өкімгерлік қүжаттың аты, күні жэне нөмірі;
- жүмыс жасау мерзімі шектелмей енгізілген, стандарттар 
деңгейін бірінші жэне келесі тексерулер туралы деректер:
БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ_________
ТЕКСЕРУ ДҮРКІНДІЛІГІ____________
Стандарттың тексерілу дүркінділігі ҚР СТ 1.2 стандартына 
сәйкес тағайындалады.


44 Стпндарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
- мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық немесе ше- 
тел 
мемлекеттерінің 
ұлттық 
стандарттарын, 
Ж, 
И 
қосымшаларына сәйкес ҚР мемлекеттік стандарттары са- 
натында қолданылу туралы мәліметтер. Мәліметтер 4 араб 
сандарымен нөмірленеді,
- егер стандарт ҚР 
нормативтік құқықтық актілерін 
қабылдамай ҚР заңнамалақ билігі, халықаралық келісімдер 
мен конвенциялар деңгейінде ҚР заңнамалық актілерінің 
және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормала- 
рын іске асырса, онда алғы сөзде көрсету қажет:
«Берілген стандартта нормалар іске асқан (заң (өкім) атауы), 
ҚР заңнамалық билік органдары қаулылары мен жарлықтары, 
келісімдер, конвенциялар, нөмірлері және олар қабылдаған (қол 
қойған) күні.
- лицензия бойынша жүзеге асырылатын өндірілетін өнім
орындалатын процесс және көрсетілетін қызметке жасалған 
стандарт туралы деректер:
- «Стандарт талаптары лицензиар тағайындаған талаптарға 
сәйкес», стандарт жасауда пайдаланылған өнертабыс тура­
лы деректер.
Өнертабысқа қабылданған өтінім, авторлық куэлік, патент 
нөмірлері жэне берілген күні:
«Стандартты жасауда «___»_______ 2001 ж. берілген № _____
патентке, «____»____________ 1988 ж. №_____ авторлық куэлікке
сәйкес авторлық өнертабыс пайдаланылды»
- орнына стандарт жасалған нормативтік қүжаттар туралы де­
ректер:
ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ (нормативтік қүжаттың белгіленуі) немесе
ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ (нормативтік қүжаттың белгіленуі 
бөлігінде бөлім, бөлімше немесе тармақ нөмірлері көрсетіледі).
Орнына стандарт жасалып жатқан нормативтік қүжаттар са- 
натында ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен қарастырылған 
стандарттау бойынша барлық нормативтік қүжаттар жэне 
техникалық регламенттер түрлері келтіріледі.
Егер стандарт бірінші рет енгізіліп отырса, жазылады
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
- стандарттың қайта басылуы туралы деректер:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет