«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата14.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43027
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты неде? 
2. Баға үшін оқыма білім үшін оқыны қалай түсінесіз?
3. Тексеру мен бағалау тәсілдері туралы не айтасыз? 
4. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға сипаттама
беріңіз 
5. Білімді бағалау формалары қандай? 
 
Тақырып№7: Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар 
Дәріс мақсаты: Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды көрсету 
1. Тарихтан сабақтан тыс жұмыстар туралы түсінік және олардың жалпы 
сипаттамасы
2. Тарихтан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері және ұйымдастыру 
формалары


 
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері. Жұмыстың бұл түріне де тарих 
сабақтарының белгілі үш міндетін орындауға үлес қосу жүктеледі. 
Айырмашылығы ол міндеттер сыныптан тыс жұмыстарда басқа материалдар 
мен құралдардың көмегі арқылы орындалады. 
Сыныптан тыс жұмыстардың басты міндеттерінің бірі - оқушылардың 
білімін қоғам тарихының түрлі салаларынан хабар беретін жаңа фактілермен, 
ұғымдармен толықтыру. Өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды 
тарихи білімнің археология, нумизматика, геральдика сияқты қосымша 
салаларымен таныстырады. 
Бұл жұмыстың тағы бір маңызды міндеті оқушылардың тарихқа деген 
қызығушылығын арттыру. Сыныптан тыс жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, 
тарих пәніне деген оқушылардың көзқарасы мүдде өзгереді, олар тарихтың 
қоғамдағы маңызды ғылымдардың бірі ғана емес, сонымен қатар оның әрбір 
адамға күңделікті өмірде аса қажет білім саласы екенін саналылықпен ұғады. 
Осы тұрғыдан келгенде тарихтың сыныптан тыс жұмыстарының 
тәрбиелеушілік мүмкіндіктері айқын байқалады. Оқушылар сыныптан тыс 
жұмыстардың түрлі формаларына қатыса жүріп қазіргі кезең тарихындағы 
өзін толғандырған мәселелерге ерекше назар аударатын болады, оларға 
жауап табуға тырысады. 
Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір артықшылығы оның дерек 
көздерінің алуан түрлілігі. Олар: мемлекет атынан қабылданып жататын 
түрлі қаулы-қарарлар, маңызды тарихи құжаттар, қоршаған ортада болып 
жататын жаңалықтар мен өзгерістер, материалдық мәдениеттің құнды 
ескерткіштері мен қазір жасалып жатқан тамаша ғимараттары, түрлі көркем 
бұйымдар, мерзімді баспасөз, көркем әдебиет пен өнер туындылары, 
театрлар мен кино залдарында күнделікті қойылатын шығармалар мен 
фильмдер, архив, мұражайлардағы құжаттар мен экспонаттар т.б. Осы 
аталған және басқа да деректер оқушылардың білімін, ақыл ойын дамытуға, 
оларда күнделікті өмірге қажетті біліктерді қалыптастыруға үлес қосады. 
Бұлар әсіресе көрсеткіш және энциклопедиялық басылымдармен жұмыс 
жасап, бибиографиялық тізім құрастырғанда, архив құжаттары мен басқа да 
деректермен жұмыс істегенде, оқушылар мен үлкендер арасында хабар, 
баяндамалар жазғанда, тарихи фильмдер, көркем әдебиеттер туралы пікір 
жазғанда, 
тарихи 
оқиғалардың 
куәгерлерімен 
кездесіп, 
олармен 
әңгімелескенде, оны қағаз бетіне түсіргенде, туған өлкесінің өткен тарихы 
және қазіргі жағдайы туралы материал жинағанда, тарихи орындарға, 
мұражайларға экскурсия жасағанда, түрлі тақырыптарда көрмелер 
ұйымдастырғанда, түрлі кестелер, сызбалар, көрнекі құралдар, макеттер, 
модельдер жасағанда біртіндеп қалыптасып, одан әрі дамып, жетіле түседі. 
Осы жұмыстардың бәрі оқушыларға өткендегі және қазіргі тарихи 
құбылыстар мен оқиғаларға ғылыми тұрғыдан қарауды, қоғамның даму 
зандарын түсінуді, өзі меңгерген тарихи білімін өмірде қолдана алуды 
үйретеді. 


Оқушы сыныптан тыс жұмыстардың өзі таңдаған формаларына қатыса 
отырып, белгілі бір ұжым мүшелерімен жұмыс істейді: қиындықты да, 
жұмыстың нәтижесін де бірлесіп көреді, бұл оларды ұйымшылдыққа, 
бірлесіп шығармашылық жұмысты істеуге тәрбиелейді т.б. 
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі ерекшеліктері: 
Жұмыстың бұл түрінің тарихи білімді күнделікті оқытуды ұйымдастыру 
формалары арқылы үйретуден бірқатар өзгешеліктері бар. Оларды жеке-жеке 
атап өтейік. 
Алдымен назар аударатын ерекшелік бұл жұмыстың еріктілік сипаты. 
Тарихшы мұғалімдер оқу жылы басында өз шәкірттерін мектепте 
ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыспен, оның формаларымен 
таныстырғаннан кейін, оқушылар жұмыстың қандай түріне қатысатынын 
өздері таңдайды. Мұғалім тек білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан 
тиімдірек түрлерін басымырақ ұсынады. Ал оқушыларды сыныптан тыс 
жұмыстардың түрлеріне бөлгенде олардың ынтасын, бейімділігін ескеру 
керек. 
Сыныптан тыс жұмыс қазіргі кезеңмен тығыз байланысты жүргізіледі. 
Мұның өзі бұрын болып өткен оқиғаларды қазіргі жағдайлармен салыстыру, 
өткендегінің қазіргімен байланысты тұстарын ашып көрсету, қазіргі 
қоғамдық-саяси, әлеуметгік-экономикалық, мәдени жағдайларды жақсы білу, 
түсіну үшін тарих пәнінің өмірлік маңызы зор екенін және де Қазақстан 
Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы қол жеткен 
табыстарын айқын сезіну үшін қажет. Өткенді қазіргімен байланыстырудың 
басқа да жолдары бар, бірақ қандай тәсілді қолдансақ та, ол оқушылардың 
ойлау қызметінің одан әрі дамуына, тәрбиелілігінің жақсара түсуіне әсер етуі, 
демек әдістемелік жағынан тиімді болуы тиіс. 
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың зерттеу әдісімен танысуына, 
оны іс жүзінде байқап көруіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыс алдымен 
оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінше атқаратын жұмысында басталады. 
Бірақ та сабақ үстінде зерттеу жұмысын жүргізу шектеулі. Ал сабақтан тыс 
уақытта бұған мүмкіндік мол. Мұнда оқушыларға күрделірек, көлемді 
тапсырмалар беріледі, ал тапсырмалар көбіне жалпы беріледі, оларды 
шешудің нақты жолдарын оқушылар өздері іздеп табады. Мұны біз Алматы 
қаласындағы №12 мектептің жоғары сынып оқушыларымен өткен ғасырдың 
80 жылдарының екінші жартысында Республикалық Мемлекеттік архивте, 
Республикалық 
Мемлекеттік 
өлкетану 
мұражайында 
жүргізген 
жұмыстарымыз кезінде байқадық. Мұндай жұмыстар Қазақстан тарихы 
бойынша қазір көптеген мектептерде жолға қойыла бастады. 
Сыныптан тыс жұмыстардың көбінің қоғамдық пайдалы бағыты бар, 
яғни жұртшылық үшін пайдалы іс деген сөз. Мәсселен, жоғары сынып 
оқушылары халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізеді, тарихи-
мәдени ескерткіштерді тауып, оларды қамқорлыққа алады, ұйымдар мен 
мекемелердің тапсырмаларын орындайды (үлкен қалалардағы бірқатар 
мектептер қалалық әкімшілікпен бірлесе отырыи белгілі ауданның, 
көшелердің экологиялық тазалығын қамқорлыққа алады т.б.), ғылыми 


экспедицияларға қатысады, аты ұмыт болған ардагерлерді тауып, есімі мен 
еңбегін қалпына келтіреді, оларға ескерткіш орнатуға қатысып, оны одан әрі 
қамқорлыққа алады, мектеп музейі мен залдарын да ұйымдастырады, соғыс, 
еңбек ардагерлерін, мүгедектерін қамқорлыққа алады. Осы жұмыстардың 
бәрі оқушыларды өмірді шын мәнісінде түсінуге, қоғамдағы өзгерістер мен 
жаңалықтарды бағалай білуге, осы қоғамда лайықты өмір сүріп, еңбек етуге 
тәрбиелейді. 
Жоғарыда аталып көрсетілген алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстарды 
орындау оқушыларды белсене әрекет жасауға, әр істе бастамашы болуға 
тәрбиелейді. 
Сыныптан тыс жұмыстардың бірқатарының мазмұны оқытылып жатқан 
тарих сабақтарының мазмұнымен тікелей байланысты. Мәселен, қазақ 
халқының сырттан болған шапқыншылыққа қарсы ерлік күресі, мәдениет 
тарихы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы, отарлық бұғауға 
қарсы жүргізген ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы және басқа да маңызды 
тақырыптардың мазмұны сыныптан тыс жұмыстардың түрлі формаларында 
жүргізілетін жұмыстарда қамтылып жатады. 
Мектепте оқытылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, 
ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, 
дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен 
қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің 
тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір 
сүрген қоғамдағы орынын, атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл 
анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті 
жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 
жылғы 
Қазақстан 
Республикасында 
тарихи 
сана 
қалыптастыру 
тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу 
орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытуды алдын-ала 
межелеу жөнінде аса жауапты міндеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен 
жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық 
азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны - мектеп. Ол пәңді 
оқытатын - тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттер мен 
пединституттардың тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4-5 жыл 
оқып, орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады. Осы 
факультетте оқылатын пәндердің арасында "Тарихты оқыту теориясы мен 
әдістемесі" (ТОТӘ) пәнінің орны ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет