С.Әбенбаев
Тәрбие қағидалары
•
Тәрбие үдерісінің қағидалары: ізгілік бағыттылығы, жалпыадам- заттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік,
табиғилық, тұтастық, ұлттық т.б. бірі-бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбиенің жетістікке жетеді.
•
Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы - тәрбие мазмұнының құнды-лық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар
жүйелерін және өмірдің мәнін, рухани байлықты түсіну, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; жалпыадамзаттық және ұлттық
мәдениетті игеру; әлеуметтендіру, қо-ғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжіри-бесін
дамыту; тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі рет-теу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін Ұйымдастыру қабілетін
жетілдіру); тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.
•
Жалпыадамзаттық құндылықтар - халықтық дәстүрлерде, адамгершілік үдерістерде, жеке тұлғаның қасиеттері,
адамгершілік үл-гілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ре-тінде, түрлі халықтың, түрлі
діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
•
Мәдениеттілік- адамзат игілігі ретіндеұрпақтан–ұрпаққа, материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін,
қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, қазақ халқының мәдени мұра-ларында мемлекет құраушы ұлттың
дүниетанымы,тілі мен ділі, бол-мыс-бітімі көрініс тауып, олар ұлттық мәдениетті адамды қоғамға лайық тәрбиелеу,
жетілдіру, қызмет істетуОтан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық,
әді-леттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
•
Ұлттық тәрбие беру - әр азаматтың өз Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құрушы ұлттың
мәдениетін меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін нығайту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. Сонымен бірге
тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, азаматтық борыш, перзенттік па-рыз
ұғымдарын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, болашақ маман-дардың кәсіби жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.
•
Бағалау – оқытудың құрамдас
бөлігі, қорытындылау сатысы.
Бағалау- бір нәрсенің деңгейін,
сапасын, дәрежесін белгілеу.
Оны оқушының оқу–таным
әрекетінде қарастырсақ, оқыту
процесінің міндеттерін
оқушылардың қандай
дәрежеде меңгеруін,
дайындық деңгейі мен дамуын,
білімдерінің сапасын, білік пен
дағды көлемін анықтайтын
құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |