кесінділерді дайындау.
Ағза бөлшегінің кесінділері (қалындығы 4-5 микрон) арнайы приборда − микротомда
жасалып шығарылыды. Кесінділер тік бұрышты заттық шыныларға жапсырылады.
5-ші сатысы − кесінділердің бояулуы. Ағза кесінділерін әртүрлі реактивтермен бояйды
(микроскопта тіннің құрылысын анық көру үшін).
6-ші сатысы −
бальзаммен бекіту.
Боялған ағза кесіндінің үстіне сұйық бальзамды құяды (өсімдік шайырды), содан кейін
жабынды шынымен жауып бекітеді. Бальзам қатайғаннан
кейін гистологиялық препарат зерттеуге дайын болады және ұзақ уақыт сақталады.
Материалды парафинге құюға арналған
термостаттар
(34-36
о
; 54-56
о
)
Парафинге құюылған тіндердің кесінділерін шығарып
алуға арналған микротом
Гистологиялық бояғыш заттектер екі
түріне бөлінеді:
1) қышқылды; 2) негізгі.
Қышқыл (оксифилді) бояғышқа эозин
жатады. Ол жасуша
цитоплазмасын қызғылт түске
бояйды.
Негізгі (базофилды) бояғышқа
гематоксилин жатады. Ол жасуша
ядросын көк-күлгін түске бояйды.
Парафинді кесінділерді гематоксилин және эозин мен бояу әдісі
(альбомға көшіріңіз)
1.
Ксилол-1, ксилол-2-де кесіндіні 3-5 мин ұстап, парафинді ерту;
2.
Спирттарда (90
0
,80
0
,70
0
) ксилолдан тазарту;
3.
Дестиллятордан өткізілген суда жуу − 2-3 мин;
4.
Гематоксилин бояуында (сулы ертіндісінде) – 5-7 мин ұстау;
5.
Суда бояудын қалдықтарынан тазартып жуу (алдымен водопроводты суда, содан
кейін дистиллятордан өткізілген суда) – 2- 5 мин;
6.
Эозин бояуында (сулы ертіндісінде) −1 мин ұстау;
7.
Суда (дистиллятордан өткізілген суда) бояудың қалдықтарын шайып жуу –1 мин;
8.
Спирттарда (70
0
, 96
0
) ұстау – 1-2 мин ;
9.
Ксилол -3-те ұстау – 1-2 мин;
10. Ксилол -4-те – 1-2 мин ұстау;
11. Кесіндіні бальзамда бекітіп, жабын шынымен жабу.
Гистологиялық препараттардың
диагностикасы
|