«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет112/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  
1. Оқушылардың жалпықазақстандық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі. 
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы. 
3. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының XXII сессиясында Елбасының Тіл туралы сөзі. 
 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫП-БІЛУДІҢ 
БАСЫМДЫҚТАРЫ 
Омаров Бактияр Шайманович, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ 
лицей-интернаты» КММ директоры, 
Бексултанова Раушан Каиржановна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
 «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ 
лицей-интернаты» КММ директорының орынбасары 
 
 
Елімізде жаппай ағылшын тілінде оқыту мәселесі «Тілдердің үштұғырлығы мәдени 
жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш 
тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, 
орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру 
тілі» деген Елбасының салиқалы үндеуінен бастау алған болатын [1]. Қай уақытта да жаңа 
өзгерістерге, бәсекеге қабілетті ел болу үшін қорықпай қадам басуымыз өзімізге байланысты 
болып табылады.


247 
Тіл көсемі Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» 
атты мақаласында оқу-білімсіз елдерді салыстырған. «Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз 
жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі, 
бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған – 
ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым..» [2] деп 
ғылымның жасампаздық күшін паш ете келе, қазақтың да құр алақан қалмауына алаңдаған. 
Арада қанша уақыт өтсе де, үнемі өзгерістерге бейім, уақыт талабына сай, тез өзгермелі 
дағдыларға жақын болуымызды меңзеп тұрғандай.
Бүгінгі күні, әйгілі ғылым жаңалықтары шет елдерде. Ал халықаралық қарым-қатынас 
құралы – ағылшын тілі болып табылады. Ағылшын тілін қарым-қатынас құралы ретінде оқып 
үйренудің орны басқа да, жаратылыстану пәнін шет тілінде оқып-білудің орны мүлде басқа 
екені сөзсіз. Яғни, мектеп жасындағы оқушылар ғылым тілін ағылшынша меңгеру арқылы 
таным көкжиектері кеңейеді. Салыстыра алады, пайымдай алады.
Бұл орайда ағылшын тілі арқылы өз ана тілін ұмытады деген пікірге қосыла алмаймыз. 
Өйткені, ана сүтімен еніп, ана тілінде өсіп, ана тіліне деген құрмет отбасылық құндылыққа 
айналса, әлем бойынша бай тіліміздің де тамыры тереңге жайыла беретіні сөзсіз. Ахмет 
атамыздың «Әдебиет танытқышының» бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталып, 
бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе 
қаралған. Яғни, ең бастысы - тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген сұрақтарға ғылыми 
анықтама берілген. «Сөз дұрыс болу үшін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу, өз 
орнында тұтыну, сөйлемді дұрыс орналастыру, құрмаластыру шарттары алға қойылады. Тіл 
тазалығына анықтама беріп, былайша үлгі етеді: 
• 
ескірген сөздерге жоламау; 
• 
жаңадан шыққан сөздерден қашу; 
• 
өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу [2]. (соңғысы 
- бүгінгі күннің ауруы, сырттан енген сөздерді трендке айналдыру арқылы тіл тазалығына кері 
әсері тиеді) 
Міне, дәл қазіргі уақыт (ХХІ ғасыр) тіл тазалығын сақтап қалу – тіл мамандарына 
аманат етілген уақыт сияқты. Қысқасы, тіл – өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған 
қасиетін белгілейтін таңбалық жүйедеп анықталса, [3] оның беріктігі – тікелей жеке 
отбасындағы тәрбие моделі (жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте) мен рухани 
құндылықтарға байланысты болады.
Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу 
керек [4]. Ағылшын тілі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бір есік ретінде қарастыруға 
болатындығын сеніммен айтуға болады. Яғни, шет тілдерді пайдалана отырып, өзімізді 
өзгелерге таныта аламыз немесе білім мен ғылымның озық тәжірибелерін өзімізге енгізе 
аламыз.
(Кесте 1) 


248 
Ағылшын тілін оқып-білудің басымдықтары туралы өз мектебіміздің аясында айтатын 
болсақ: 
1. 
Икемді оқу жоспары арқылы 7-8 сыныптарда ағылшын тілін меңгеру деңгейі КЕТ, 
РЕТ емтиханы арқылы мектепішілік бақылаумен жүзеге асырылады. Соның негізінде тілдік 
деңгейді жетілдірудің шаралары ұйымдастырылып, оқушыларға білімін толықтыру 
жұмыстары жүргізіледі. Мақсатымыз – нөлдік деңгейден еркін түсіну, сөйлеу деңгейіне 
жеткізу. Осы арқылы білімге құмар оқушылар басқа пәндерге деген қызығушылығын арттыра 
алады. Өйткені, жаратылыстану-математикалық бағытындағы қызықты ақпараттарды 
(материалдар, бейнероликтер т.б) қажетіне қолдана алады. Креативті ой мен сыни 
көзқарастары дамиды.
2. 
10-11 сыныпқа келгенде әр оқушы өзінің қай бағытта оқуға түсе алатынына болжам 
жасай алады. Еліміздегі оқу орындарына және шет елдің ТОР жоғары оқу орындарына 
құжаттарын өткізіп, емтиханның турларынан өтеді. Соның негізінде, ұлттық бірыңғай 
тестілеуге қатысу-қатыспау құқығына таңдау жасайды. Таңдаған жоғары оқу орнында оқи 
отыра, мектеппен байланысты үзбеуге тырысады. Өйткені, тәрбиелеу/тәрбиелену арқылы 
білім алған шәкірттің өз мектебіне деген қарым-қатынасы ерекше келеді. Егер де ол жоғары 
жетістікке жеткен болса, өзі оқыған мектеп оқушыларымен, мектеп бітіруші түлектермен 
кездесуін ұсынады. Мұндай кездесулерді мектебіміздің ресми парақшаларынан көруге 
болады. Білім алуға, оқуға түсу үшін жаттығуға, студенттік уақыт туралы, жан-жақты 
байланыс орнату, үлкен өмірден өз орнын таба алуға т.б қажетті дағдылар туралы бағыт-
бағдар береді.
3. 
ХХІ ғасыр - ақпараттар заманы. Цифрлік ресурстардың дамыған заманы. Оны тиімді 
қолдана білу-білмеудің өзі адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Әсіресе, күнделікті өмірге 
қажетті (білімін толықтыруға арналған платформалар мен подкасттар, тренингтер, 
мотивациялық т.б. және ресми ұйымдармен байланыс қосымшалары, түрлі тренажерлер т.б.) 
цифрлік ресуртарды қолдана білу, оның тиімдісін таңдай алуда түсінігі мол болады. Сонымен 
бірге цифрлік ресурстарды сабақта қолдану маңыздылығының да рөлі орасан зор. Уақыт 
үнемделеді, қағазбастылық орын алмайды, оқушының қызығушылығы артады, заманауи үлгі 
болады. Осы орайда мұғалімнің де біліктілігі бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Z ұрпағы 
мұндай позицияға көп көңіл бөлетіндігі сөзсіз.
Тәрбиелеу арқылы 
оқыту -
бәсекеге қабілетті 
оқушы.
1.Білімін кеңейтуде, 
практикасын ұштауда 
тиісті ақпаратты таба 
алады, оны салыстыра 
алады, талдай алады, 
пайымдайды.
2. Оқуға түсуде еркін 
таңдау жасай алады
(НУ, СДУ, КБТУ, 
әлемнің үздік 
ЖОО сы)
3. Әлемдік деңгейдегі 
озық тәжірибені біледі, 
заманауи 
технологияларды 
(цифрлік) қолдана алады.
4. Түрлі ұлт өкілдерімен қарым-
қатынас жасауда барьер 
сезінбейді, толеранттық ұғымды 
жете түсінеді, жалпыадамзаттық 
құндылықтарды игереді.


249 
4. 
Білімге құмар адамды білім біріктіреді. Тек, бірігу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін 
(облыстық, республикалық, халықаралық, әлемдік), соған орай түрлі ұлт өкілдері кездеседі. 
Егер де, халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілі болып табылса, не үшін мектептерге соған 
ұмтылмасқа?! Түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен ділін білу, олардың құнды тәжірибелеріне 
пайым жасау, олармен тең дәрежеде араласу арқылы өзіміздің барымызды дәріптейміз, 
тәжірибе алмасамыз. Өзара толеранттық қатынасты дамытып, жалпыадамзаттық құндылықты 
түсінсек, әлем басқаша түске оранады.
Өзіміз тәрбиелеп-оқытатын балаларымыздың білім көкжиектерін халықаралық 
деңгейде дамытудың бірден-бір құралы, әрине, ағылшын тілі болып табылады. Сондықтан да 
ағылшын тілі пәнінің мамандарына, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән 
мұғалімдерінің біліктіліктерін арттырып отыруға, оларға үнемі жан-жақты қолдау көрсетіп 
отыру - біздің міндетіміз.
7-ші сыныптан бастап жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді
ағылшын тілінде оқитын оқушыларымыз қазақ немесе орыс тілінде өткізілетін пәндік 
олимпиадаларға қатысып жақсы нәтижелер беріп жүргендігін атап өткен жөн. Облыс және 
республика деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағытындағы олимпиадалық үздік 
команда атағымен бірнеше рет марапатталып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық 
орталығының жасаған жоғары тізіміне еніп жүргеніміз жетекші ұстаздар мен білімге құмар 
оқушылардың арқасы деп білеміз. 
Уақыт жылжуда... тоқтаусыз өзгерістер .... заман талабы өзгеруде... Ендігі біздің 
көкжиегіміз одан да алыс, одан да биік, одан да терең болуына атсалысатын уақыт келді емес 
пе? 
Ағылшын тілін меңгеруден тіл шұбарланбайды, одан қорқыныш болмау керек. Ол 
арқылы технологиямыз дамып, өзімізді технократтық тұрғыдан әлемге танытармыз. 
Сондықтан да ағылшын тілін оқып-білудің басымды бағыттарының көп екендігін, бәсекеге 
қабілеттіліктің артатындығын мойындауымыз керек.
Тек, тіл мәселесі әр отбасының, әр мектептің, әр мемлекеттік және жеке ұйымдардың
маңызды құндылығына айналуын күн тәртібінен түсірмесек... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет