Список использованной литературы:
1. Формирование познавательных интересов школьников. //Под ред. Щукиной Г.И. Л., 1968.
2. Коваленко В.Г. Дидактические игры на уроках математики: Кн. Для учителя. –
М.: Просвещение, 1990.
3. Истомина Н.Б. Активизация учащихся на уроках математики. Пособие для
учителя. – М.: Просвещение. 1985.
166
4. Окунев А.А. О развитии творческих способностей учащихся: Кн. Для учителя: Из
опыта работы. – М.: Просвещение, 1988.
5.
Касьяненко М.Д. Активизация познавательной деятельности учащихся при
изучении математики. – М. Просвещение, 1988.
6. Ситникова Т.В. Приемы активизации учащихся в 5 – 6 классах. // Математика в
школе. 1993, №2 с. 24
7. Ахметгалиев А. Мотивация деятельности на уроках математики. //Математика
в школе. 1996, №2 с. 56-60
8. https://vse-frazi.ru/persony/ahmet-baytursynov.html © Сайт vse-frazi.ru
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
Махрубаева Жадыра Колдимуродовна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Рудный қаласы білім бөлімінің
№1 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық
білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін
жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп
білмеген ірі тұлға, халықтың «рухани» көсемі.
М.Әуезов
Қазақ халқының жанашыры, тұтас буынның төлбасы, Абай, Ыбырай, Шоқан салған
дара жолды жалғастырушы, ағартушылық, демократтық бағытта көш бастап келе жатқан
Байтұрсынұлы Ахмет 5 қыркүйек 1872 жылы дүниеге келген. Ол - қазақтың ақыны, әдебиет
зерттеуші ғалымы, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымдарының негізін салушы ұлы тұлға.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірде алдына қойған басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық
санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. Педагог-ғалым ол үшін халықты жаппай
сауаттандыру керек екенін айтып, өзінің халықтық идеясын насихаттады. «Ол барлық саналы
өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп, ағартушылық ісінің жанданып
кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие
жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді», - деп жазады профессор С. Қалиев. Ахмет
Байтұрсынов халықтық идея туралы ой-пікірлерін «Қазақ» газетінде жариялаған көптеген
мақалаларында, «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш», «Баяншы», «Тіл ашар», «Оқу құрал»,
«Сауат ашқыш», «Әліппе астар», «Оқу құрал» (хрестоматия), «Маса», «23 жоқтау», т.б.
еңбектерінде жан-жақты айтып, оларды тікелей іске асырды.
Қазақ ұлтының берекелі бірлігін, көсегелі ел болуын аңсаған, сол жолда күш-жігерін,
ақыл-парасатын аямай жұмсаған Ахмет – Алаш қайраткері. Осындай ойшыл азаматтармыздың
артына қалдырған баға жетпес байлықтарын орынды пайдалану аса қажетті деп санаймын.
«Ахмет Байтұрсынов – ұлттың тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше
тұлға», - деп Ә. Кекілбаев атап айтқандай, ғалымның артында қалдырған мұрасын ешкіммен
салыстыруға келмейді [1.18 б.]. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерінің
құндылықтарын сөзбен айтып жеткізе алмаспыз. Еңбектеріне тоқтала кетсек.
167
Ұлттың ұлы ұстазының әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша
тиянақталған тұжырымды еңбегі – «Әдебиет танытқыш». Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен,
бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ. Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір
қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам,
оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып
айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов – тіл терминдерін жасауда қандай
кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да
сондай кемеңгер, данышпан. А.Байтұрсынұлы әдебиет теориясының терминдерін, талдау
жүйелерін қазақша сөйлетіп, ғылыми тілдің деңгейін сол кезде көтеріп тастағанын біз бүгін
мақтаныш ете аламыз [2. 19 б.].
Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде зерттеу объектісі етіп, қазақ ауыз
әдебиетін, қазақ жазба әдебиетін, оның сан алуан үлгілерін алған. «Біз бүгін Ахаңның
«Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі - екеуі
де: бірі - грек әдебиетінің, екіншісі - қазақ әдебиетінің алғашқы әліпбилері». Асылы, үздік
қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады», - деп
Зейнолла Қабдолов айтқандай расымен де бұл аса құнды және берері мол дүние. «Ахмет
Байтұрсынов: мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени
жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-
араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал.
Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне
аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз
керек», - деген ұлы талабын өзі нақты іске асырды [2. 28 б.].
1913 жылы «Қазақтың» тұңғыш саны шыққанда газет редакторы Ахмет Байтұрсынов
былай деп жазған: «...Өзімiздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол
үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар
ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес.
Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып,
хат жазса өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге
осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол
уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек.
Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін
уақытымыз жетті», - деп өз халқына, тіліне жанашырлық танытқан.
Ғылыммен айналысты, қасиетті тілдің түп төркінін ақтарып, ғылым жасады. Көркем
әдебиетке деген көзқарасы: оның құндылығы сонда – нендей идеяны көтерген шығарма
болмасын егер адам әлемінің сезіміне, жан дүниесіне қалай, қайтіп әсер ете алады дегеннен
шығып жатады. Әсерге бөлей алса ғана ол – әдебиет. Ой-тұжырым мәселесі екінші кезекте
тұрғаны жөн, ал адамды өз әлеміне баурай тартып, еліктіріп әкетер күші жоқ шығарма әдебиет
емес. Осындай озық ойлармен өз заманында ойып орын алды [3. 33 б.].
Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ахаңның ғана ардақты атын
атаймыз. Одан басқа жалпақ елдің сынына толып, мейірін қандырған кісілері санаулы. Ахаң
ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны –
«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген
еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын
істер болатын. Одан соң Орынборда «Қазақ» деген газетті шығарды. Қазақтың бастауыш
мектептеріне арнап «Оқу һәм тіл құралдарын» жазып шығарды. Коммунистерше жалпы
байлардың құлдығында жүрген жарлылардың ғана арын, намысын жоқтамаса да,
коммунистерше жалпы байларға оқ атып, жалпы жарлылардың таяғын соқпаса да, Ахметтің
халыққа бұл істеген қызметтері зор қызмет. Бұл қызметінің әсіресе көрінетіндігі сол, өзге
оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде
Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен [3. 129 б.].
168
Жалпы қорытындылай келе, бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету
жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет
Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы
мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдырын,
жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң – күрделі тұлға, зерделі ғалым [3. 131 б.].
Ұлтына, еліне, ғылымға, әдебиетке арымен беріліп, оған адал қызмет еткен А. Байтұрсынұлы
еңбегінің Қазақ елі тарихында алатын орны айрықша зор екенін замандасы – Мұхтар Әуезов
былайша тұжырымдапты: «Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ,
өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып,
Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |