Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет46/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Summary. This article deals with the supervision of the Prosecutor in the consideration of certain types of war 
crimes by the courts.
Keywords: law, law, army, court, crime, discipline, Prosecutor.
 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы күштері әскери техника мен қарудың 
ұжымдық түрлерімен, күрделі ұрыс кешендерімен қамтылған. Оларды дұрыс игеру көптеген адамдар 
тобының шебер әрі өзара бірлескен іс-қимылының арқасында жүзеге асады. Сондықтан бұл салада 
әрбір жауынгердің жоғары дәрежеде дайындығы айрықша маңызды болып табылады. 
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметкердің отан алдындағы борышы мен патриоттық сезімінің 
асқақ болуына байланысты. Басшылық әскер мен флотта құқық бұзушылықтың алдын алу бойын-
ша жоспарлы және жүйелі түрде жұмыс жүргізіп отырады. Әскер мен флотта құқық бұзушылықпен 
күресудің ұтымды тәсілдерінің бірі қылмыстық заңнама болып табылады. Оны қылмыстық әрекеттер 
мен әскери қызмет өтеудің тәртібімен байланысты өзге де құқықбұзушылықпен күресуде дұрыс 
қолдану әскери-жарғылық тәртіп ережелерін сақтаудың бірден бір кепілі болады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және әскери жарғыларын әрбір әскери 
қызметкер қатаң сақтай отырып Қарулы күштердің бөлімдерінің әрдайым ұрысқа дайын қалыпта 
болуын қамтамасыз етеді. Әскери заңнама нормаларына негізделген әскери қызметтегі қоғамдық 
қатынастардың жүйесі әскери тәртіпті құрайды. Ол жауынгерлерге ең күрделі жағдайларда отанды 
қорғаудың тапсырмаларын сәтті орындауға мүмкіндік беретін өзара қатынастардың құқықтық ба-
засын қалыптастырады. Күнделікті өмірдің, тұрмыс, демалыс т.б жүріс-тұрыс ережелерін белгілеп, 
әрбір әскери қызметкердің оларға берілген құқық пен бостандығын шынайы қолдануыларын білдіреді. 
Әскери тәртіп әскери қызметкер қатысатын қатынастардың бір бөлігін ғана құрайды. Азаматтар әскери 
қызметті өтей отырып ҚР барлық азаматтарына тән құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Сондықтан 
әскери құқықтық тәртіппен қатар жалпы заңнама нормасына негізделген қоғамдық қатынастар жүйесі 
әскери қызметтің құқықтық тәртібін анықтап алу қажет. 
88


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
89
ҚР Қылмыстық кодексінің 16 тарауында әскери қылмыстардың түрлері белгіленген. Әскери 
қылмыс деп әскерге шақыру бойынша не келiсiм шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы 
Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызмет 
атқарушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуi кезiнде әскери 
қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы қылмыстарды жасауы танылады [1; 48 б.].
Сонымен 
қатар бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау қылмыстарын сипаттап өтсек.
Бағынбау яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың 
белгiленген тәртiпте берiлген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесiне елеулi зиян келтiрiп, 
өзгедей әдейi орындамауы. Бұл қылмыс үшін кінәліні тұлға екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери 
қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас 
бостандығынан айыруға жазаланады. 
Егер адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-
ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет болса бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады. Осы аталған қылмыстар ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер үшін бес жыл-
дан жиырма жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал қылмысты ауырла-
татын жағдайларда өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы аталған қылмыстар 
соғыс уақытында жасалған жағдайда он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан 
айыруға, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде – өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан 
айыруға жазаланады.
Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты 
орындамағандығы үшін бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айдан 
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазала-
нады. Ал егер бұл қылмысты соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасаса үш жылдан он жылға 
дейiнгi мөлшерде бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Келесі атап өтетін қылмыс түрі бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн 
бұзуға мәжбүр ету.
Бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзiне жүктелген мiндеттi атқарушы өзге адамға 
қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту 
арқылы мәжбүр ету қылмысы үшін алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге 
әскери қызметi бойынша шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазала-
нады. Осы әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ 
жасаса; қару қолдана отырып жасаса; ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге 
де ауыр зардаптарға әкеп соқса үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады. 
Ал егерде осы аталған қылмыс түрлері ұрыс жағдайында жасалған болса, оған бес жылдан жи-
ырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға 
жазаланады. Соғыс уақытында жасаса он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан 
айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады [2; 34 б.].
Қылмысытық кодексте бекітілген тағы бір қылмысытың түрі – бастыққа қатысты күш қолдану 
iс-әрекеттерi. Бұл яғни, бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе осы мiндеттердi 
атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге 
күш қолдану әрекеттері. Бұл қылмыс үшін екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шек-
теуге, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады. 
Дәл осы әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан 
топ жасаса; 
қару қолданып жасаса; 
денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтiрсе үш 
жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Осы қылмыстар ұрыс жағдайында жасалса бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас 
бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ал егер соғыс уақытында жасалса он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бос тандығынан 
айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
90
Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң 
арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу.
Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң 
арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян 
келтiру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн кемсiту немесе жәбiрленушiнi 
масқаралауға байланысты бұзу қылмысына екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шек-
теуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жаза-
ланады. 
Дәл сол әрекет бiрнеше рет, екi немесе одан да көп адамға қатысты жасалса, адамдар тобы, алдын 
ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса, қару қолданып жасаса, денсаулыққа 
орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазала-
нады. Егер ауыр зардаптарға әкеп соқтырса он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады.
Әскери қызметшiге тiл тигiзу қылмысы деп, бағыныштының бастыққа сол сияқты әскери қызмет 
мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тiл тигiзуiн 
айтамыз.Бұл қылмыс үшін бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға 
дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл қылмыстың объектісі – әскери қызметшілер арасындағы өзара қатынас. Қосымша объектісі 
әскери қызметшінің ар-намысы мен абыройы болып болып саналады.
Қылмыстың объективті жағы әскери қызмет міндетін орындау кезінде немесе соған байланысты 
бір әскери қызметшінің екінші бір әскери қызметшіні қорлауымен көрінеді.
Қорлау – бұл әдепсіздік арқылы көрінетін қасақана біреудің ан-намысы мен абройын кемсіту.
Ар-нмыс пен абыройды кемсіту әскери қызметші болсын, азамат болсын жәбірленушісін 
жағымсыз бағалау, айналадағылардың көзінше кемсіту, оның азаматтық абыройы мен әскери атақтың 
беделін түсіру жолымен көрінеді.
Жәбірленушіге қатысты ар-намыс пен абыройды кемсіту нақты актілер мен жағдайға негізделген 
болуы мүмкін, ал ол шектен шығып әдепсіздік күйіне айналғанда қылмыстың құрамын қалыптастырады.
Заң бағыныштының – бастықты, сол сияқты бастықтың бағыныштыны кемсіткені үшін 
жауаптылықты бірдей сақтаған.
Қылмысытың субъектісі тура ниетпен сиатталады. 
ҚР ҚК 371-бабының 1 бөлігі бойынша қарастырылған қылмыстың объектісі кез келген әскери 
қызметші, ал 2-бөлігі бойынша кез келген бастық пен бағынышты адам бола алады.
Келесі қылмыс түрі – бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету.
Бейбіт уақытта жасалған, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты 
қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен тастап кетушілік бір айдан ұзаққа 
созылса. Бұл үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер қылмыс 
ауыр жағдайлардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен 
келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн [3; 19 б.].
Егер осы қылмыс соғыс уақытында жасалған болса және егер өз бетімен тастап кетушілік бір 
тәуліктен ұзаққа созылса бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазала-
нады.
Ұзақтығына қарамастан, ұрыс жағдайында бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап 
кеткені үшін үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қарастырылған қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа 
да әскер мен әскери құрамаларында қызмет өткеру тәртібі болып табылады. 
Қылмыстың объективтік жағы әскери бөлімшені немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кету-
мен, дәлелсіз себептермен мерзімінде кызметке келмей қалуымен сипатталады.
Әскери бөлімшені немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кеткені ушін қылмыстық жауаптылыққа 
тартудың шарты бойынша бөлімшеде болмау уақыты – 2 сағаттан артық, бірақ 10 сағаттан аспауы тиіс. 
Мұндай мерзім әскери бөлімшені немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету сәтінен өзі қайтып кел-
генше немесе ұстап алған сәтке дейін саналады.
Әскери қыметші бөлімшені немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кеткен, сол сияқты кызметке 
мерзімінде келмей қалған жағдайда, егер оның дәлелді себептері болса қылмыстық жауапқа тартылма-


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
91
уы мүмкін [4; 13 б.]. Мысалы, өзінің ауырып қалғандығы, ата-аналары, жанұя мүшелері бақытсыздык 
жағдайына ұшырап қалғанда, басқа әскери қызметкерлерден зорлық-зомбылық көрген жағдайда, 
табиғат апаты болған және т.б.
Әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан толық босану мақсатында жасаған дәл сол әрекет бес 
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Осы аталған қылмыстар ұрыс жағдайында жасалғанда бес жылдан жиырма жылға дейінгі 
мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ал соғыс уақытында жасалса он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан 
айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кінәлі адам осы қылмысты жасай отырып, қызметтен былай қарағанда занды негізбен босатылған 
болып, ал шындығында жалған негізде бастықтарды алдау жолымен әскери кызмет атқару тәртібіне 
қол сұғады.
Объективтік жағынан бұл қылмыс ауруды сылтау ету немесе қандай да бір болмасын зақым 
келтіру (дене мүшесін зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтіру немесе жалған құжат жасау не-
месе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтарумен сипатталады.
Ауруды сылтау ету әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындауға бөгет келтіретін 
ауруы (психикалық ауру, соқырлық) бар екендігі жөнінде қасақана алдаушылық жасаумен көрінеді.
Дене мүшесін зақымдау – адамның кез келген ағзасы мен мүшесін – қолын, аяғын, көзін және 
басқа жерін әскери қызмет міндеттерін орындауға бөгет келтіретіндей жарамсыз етіп жарақаттауы.
Жалған құжат жасау жолымен жалтару командованиеге әскери қызмет міндеттерін орындаудан 
мүлдем немесе уақыша босататын жалған құжат ұсыну, мысалы қысқа мерзімді демалыс алу үшін ата-
анасы ауырып жатқандығы жөнінде жасанды жеделхат, өзінің ауырғандығы жөнінде жалған анықтама 
қағазын ұсыну больш табылады.
Жалған құжат жасау жалтару құрамының объективті жағының міндетті белгісі болғандықтан 
қосымша саралуды талап етпейді.
Өзгеше алдау – әскери қызмет міндеттерін орындаудан босатуға негіз болатын фактілер, 
оқиғалар немесе жағдайлар туралы жалған хабар түсіру немесе жалған мәлімет беру, мысалы, запасқа 
мерзімінен бұрьш шығу үшін екі одан да көп баласы бар екендігі жөнінде жалған мәлімет беру, әскер 
қатарынан дәрігерлік комиссияның шешімімен босатыуы үшін өзінің орнына дәрігерлік куәлендіруге 
көрінеу басқа адамды жберу.
Қылмыстың субъективтік жағы тура ниет түріндегі кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады.
Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу. Қазақстан Республикасына кенеттен 
жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз 
ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде 
бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, екi 
жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не 
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, 
әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру екi жылға дейiнгi 
мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға 
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Егер осы әрекеттер ауыр зардаптарға әкеп соқса бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады.
Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын 
не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса бiр жылға 
дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не сол 
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Әскери мүлiктi жоғалту. Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi не-
месе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса екi 
жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не 
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау 
ережелерiн бұзу. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
92
материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абай-
сызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылу-
ына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге 
үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазала-
нады. 
Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады. 
Осы қылмыстар абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет он жылға 
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк ма-
шинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр неме-
се орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не үш жылға 
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 
айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауа-
зымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес 
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр 
зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппарат-
тарын пайдалану ережелерiн бұзу үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе 
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi 
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп 
соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу үш жылға дейiнгi мерзiмге 
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не-
месе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет