1.
«Жақсылық» пен «Жамандық» дегеніміз не?
2.
Адамгершіліктің «алтын ережесін» айтып беріңіз. Ол қызмет көрсету
саласында және қоғамдық тамақтандыру
саласында жұмыс істейтін
жұмысшыларда қалайкөрініс тапқан?
3.
«Кәсібиіскерлікмәдениеті» дегенге қандай негізгі элементтер кіреді?
" 2.2^
К
әсіби этика
Ежелгі заманнан бастап Шығыста және Батыс Еуропада адамдардың кәсіби
іскерлігінде, іскерлік қарым -қатынаста этика қағидалары
мен құндылықтарына мән беру
қажеттілігі ескерілген. Әсіресе ол жұмыстың нәтижелі болуына, адамның кәсіби өсуіне әсер
ететіні баса айтылған.
Кәсіби моральдық қағидалар сыпайылық, кішіпейілділік, еңбексүйгіштік, әдептілік
болып табылады.
Сыпайылық
— бұл басқа адамдарға, олардың абыройына сыйластық қарым- қатынасты
көрсету. Сыпайылықтың астарында ізгі тілектестік жатыр, ол амандасу мен тілек білдіруде
байқалады. Мысалы, біз қайрылы түн, қайырлы күн, жеңіс, денсаулық және т.б тілейміз.
Сыпайы адам – ол кішіпейіл адам, сыпайылықты бірінші танытуға, көлікте орынды бірінші
болып беруге, есікті ұстап тұруға ұмтылады. Сыпайылыққа биязылық ұксас, ол өзін қандай
жағдай болмасын, әсіресе,дау- жанжал оқиғаларында
әдеп шеңберінде ұстай алуды
білдіреді. Бұл жерде кішіпейілділік серіктесті тыңдай білу, оның ой-пікірін түсінуге тырысу
шеберлігінен байқалады.
Сыпайылық
Достарыңызбен бөлісу: