Құмырсқалар мұқтаж адамдардантеріс айналмайды жазбаларыңызды оқып шығып, әсер аласыз және
ары қарай жүресіз, себебі сіздің қолыңыздан тағы
келетіндігіне сенімді боласыз.
Даналық туралы кітап та өте маңызды. Оған
өмірде басшылыққа алатын даналардың айтқан
афоризмдерін және қанатты сөздерін, танымал
адамдардың нақыл сөздерін жазуыңыз қажет.
Олар кедергілерді жеңіп, жеңіске деген шабыт
береді. Осы кітапты оқып шыққан сайын, көптеген
қателіктерден аулақ болып, қиын мәселелерді ше
шуде ақылдық танытуға үйретеді.
Жеңістер кітабы – сіздің жеңістеріңіз туралы
кітап. Кедергілерді жеңу, қиын мәселелерді шешу,
қойылған мақсаттарға жету, кедергі келтіретін
кемшіліктерден арылу, осының барлығы – сіздің
жеңістеріңіз және ең басты жеңіс – бұл өзіңізді өзіңіз
жеңу, өз әлсіздіктеріңізді жеңу, ол сізге ең көкейтесті
армандарыңызды іске асыруға көмектеседі.
Идеялар кітабына іске асыруға лайықты деп
санайтын барлық идеяларыңызды жазыңыз. Жақсы
идеялар кенеттен пайда болады. Егер оларды жа
зып алмаса, олар тез ұмытылып кетеді. Көптеген
адамдар кенеттен пайда болған идеяларды жазып
алмағаны үшін табысты болу мүмкіндігін жіберіп
алды. Оны тек басқа адамдар іске асырғанда ғана,
есіне түсірді. Сондықтан, идеяларды дәптеріңізге
жазып алуға ерінбеңіз, тіпті басқа іспен айналысып
бос болмасаңыз да, тіпті идея түнде келсе де жазып
алуға ерінбеңіз. Бір жақсы идеяның өзі сізді бай
адам етуі мүмкін.
180
Мен және Ақша
11. ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТ МІНЕЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1. Мақсатқа бағытталушылық 2. Өзіне деген сенімділік 3. Ақшаны кейінге қалдыру әдеті 4. Жетекші жігерлігі және сапасы 5. Елестету 6. ынталылық