184
Мен
және Ақша
Біз де құмырсқалардың өмірін зерделеуге тыры
сып, көптеген адамдарға өз армандарын іске асыруға
көмектесетін қағидаларды құрастыруға тырыстық.
Табиғаттың өзі бізге мақсатқа талпынушылық пен
табандылықтың таң қалдырарлық мысалдарын
келтіріп беруде. Осының өзі табиғаттың даналығы
бекітілген құмырсқа фәлсапасы болып табылады.
Осы қағидалар мыналар:
Өткен заманда өмірдің кемеліне жетпей
құрастырылғандығын түсінетіндерге даналар
құмырсқалардың үлгісі бойынша өмірді қайта
құрастыруға қаншама рет тырысып бақты.
Құмырсқа ешқашан да беріспейді.
Құмырсқалар бір-бірін үйретеді, үлкендері
мен тәжірибелілері кішілерін үйретеді.
Құмырсқалар кедергілерді елемей, өз мақ сат-
тарына қарай жүреді.
Құмырсқалар басқа құмырсқаладың өз
мақсатына жетуі үшін ең қысқа жолды көр-
сетеді.
Құмырсқалар қиын сәттерде әрдайым бір-
біріне көмектеседі.
Құмырсқалар қаншалықты алысқа кеткеніне
қарамастан, үйіне әрқашан қайта оралады.
Құмырсқа ынтасы – отбасы қажет ті лік-
тері.
Әр құмырсқаның әрекеті отбасының аман-
дығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Құмырсқалар отбасыларына қажетті кез
келген жұмыспен айналысуға дайын.