ды, осыдан басқаларға деген қамқоршылықты байқауға болады. Құмырсқалар бір қарағанда жасалуы мүмкін емес болып көрінетін жұмыстарды жасайды. Алдына қойылған мақсаттарды құмырсқалар мүлтіксіз орындайды. Қиын мәселелерді құмырсқалар бірігіп шешеді. Құмырсқалар мақсаттарға тек келісілген әрекеттер арқылы жетеді. Келісіп әрекет ету – жетістіктің қажетті шарты. Құмырсқалардың бір-біріне деген қамқорлығы өзарлық пен сыйластыққа негізделген. Құмырсқалар өте еңбек сүйгіш және таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Әр құмырсқа үшін айналысатын ісін таңдауға және өзіндік ықылас танытуға мүмкіндік беріледі. Құмырсқалардың ықылас танытуы мадақ- талады және құмырсқаның илеуін жасауда негіз болып саналады. Құмырсқалардың жеңісі күресу уақытында мақсатты топтарға біріге білу қабілеттілігімен анықталады Басшылары басқа құмырсқаларды басқарып, оларға бағыт көрсетеді. Олар топтасқанда әр құмырсқаның күші арта түседі.
186
Я и Деньги
Құмырсқалардың өміріндегі басты қағида – барлығы бірі үшін және бірі барлығы үшін. Құмырсқалар көмекке мұқтаждардан теріс айналмайды. Құмырсқалардан үйренетін дүние бар, соның ішінде ортақ әрекетті ұйымдастыра білу. Құмырсқа барлық уақытта да еңбексүйгіштік пен төзімділіктің символы болды.