Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Кітапты оқу бойынша нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет109/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
идеялар мен нақты жоспар болды ма? Маған не кедергі 
жасайды? Өз мүмкіндіктерімді ақшадан жоғары қойған 
кезім болды ма? Өз ақшаларымды басқара аламын ба? 
Бұл тек мысалға келтірілген сұрақтар, бірақ сіз жеке 
артықшылықтар мен тәжірибеңізге сүйене отырып, өз 
сұрақтарыңызды ойлап таба аласыз.
БАйлыққА АпАрАтын
Бес неГізГі сҰрАқтАр
«Байлыққа апаратын бес негізгі сұрақтар» бөлімін оқуға 
кіріскенде, «Неге бай болғыңыз келед?» деген сұраққа 
жауап беруіңіз қажет. Шын жауап беруге тыры сыңыз, 
себебі бұл адалдыққа меңзейтін әңгіме болып табыла­
ды. Өйткені табысқа жету үшін, өз тілектеріңізді, арман-
дарыңызды, мақсаттарыңызды айқын анықтап алуыңыз 
қажет. Ал шешім қабылдағаннан кейін, ешқандай күдіксіз 
әрекет етуіңіз қажет. Алға қарай жыл жуға сенімсіздік 
пен батылсыздық сияқты ешнәрсе кедергі келтіре алмай­
ды. Барлық жеңістер өзіңізді өзіңіз жеңуден басталады.
Сонымен бірге, алғашқы жеңіл табыстар босаң-
сы татынын, ал алғашқы кедергілер қиындықтардың 
көптігіне қарамастан, мақсатқа жетуге деген талпыныс-
ты күшейтетінін естен шығармаңыз. Кез келген сәтсіздік 
– бұл өз әрекеттеріңізді жалғастыруға деген құлшыныс. 
Тағы да тырысып көріңіз, сіздің қолыңыздан бәрі келеді.
Оқып шыққан тараумен жұмыс істеуді аяқта ған-
нан кейін, яғни ең маңыздыларын белгілеп, өз қоры-
тындыларыңызды жазып шыққан соңғ келесі тарауға 
оқуға кірісіңіз.
АқшАғА қАлАй қАрАу КереК және 
тАБыстың Бес тҮрлі деңГейлері
Ақшаға қалай қарау керектігі және табыстың 
бес түрлі деңгейлері туралы тарауды оқыған кезде, 


196
Мен және Ақша
асықпаңыз себебі оқу қарқыны жоғары болған сай­
ын, материалды түсіну де нашарлай береді. Әдеттегі 
жылдамдықпен оқыңыз, бірақ сонымен қатар 
маркерлерді қолыңызға ұстап отырыңыз. Қызық 
деп санағанның барлығын, тіпті бүкіл абзацтарды 
белгілеп алыңыз, егер олар назар аударуға лайықты 
болып көрінсе, маркердің берілген түстерін пайдала­
нып белгілеп шығыңыз.
Берілген материалды жақсырақ түсіну үшін, энергия-
ның төрт түрі туралы ойларыңызды жазып көріңіз. Сосын 
тағы оқып шығып, авторлық нұсқамен салыстырыңыз. 
Әр тарауды оқу барысында туындаған ойларыңызды 
жазып алыңыз. Кітапты оқу барысында пайдаланылуы 
қажет басты қағида – ең маңыздыларын үнемі белгілеп 
отырыңыз, өз ойларыңызды ақылға салып, бекітіңіз.
Осы тараудан «дұрыс көзәйнектер» туралы, 
яғни басқа заттарға деген дұрыс көзқарас тура­
лы оқисыз. Қоршаған әлем туралы оң пікір сізге 
кедергілерді жоюға арналған күш пен энергияны 
береді. Соқыр жол болушылыққа сенбеңіз, себебі кез­
дескен қиындықтарға қарамастан өз мақсаттарына 
ұмтылатын адамдардың ғана жолы болады. Сәтсіздікке 
ұшырайтын адам ғана жеңіліске бағытталады және 
оңай беріле салады. Сәттілік немесе сәтсіздік тек сіздің 
ішкі жағдайыңызбен және сіздің беталысыңызбен 
анықталады. Адам ерте не кеш өзінің ойы қайда бол­
са, өзі де сол жақта болады. Егер ол әрдайым табысқа 
жетемін деп қайталай берсе, өзі де осыған сеніп, өз 
армандарын іске асыра алады.
«Блокнотыңызға жазып алуға арналған» жазбалар­
ды оқымас бұрын, барлық асты сызылған орындарды 
қайта оқып шығыңыз. Оқу барысында туындаған ой-
пікірлеріңізді жазуға ұмытпаңыз. Бұл өз ойларыңызды 
айқын және түсінікті етіп қалыптастыруға және кез кел­
ген материалдағы негізгі ойды белгілеп алуға үйретеді. 
Ең маңызды дәйексөздерді дәптерге жазып алыңыз, 


197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет