199
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
шығаруы мүмкін. Сондықтан,
теріс сезімдердің әсер
етуіне жол бермеңіз, олар сіздің ойларыңыздың барлығын
бұзады. Сіздің соқыр сезіміңізде оң эмоциялар басым
болуы керек, солай болған жағдайда өз қызметіңіздің
нәтижелеріне табысты түрде ықпал еткенін сезінесіз. Осы
тараумен жұмыс жасап біткен соң, келесі тарауға көшіңіз.
АқшАны қАлАй жИнАуғА
БолАды?
Ақшаны қалай жинауға болатындығы жайлы оқыңыз.
Әдеттегідей оқыған кезде, қолыңызда қарындаш болсын,
онымен сіздің көзқарасыңызда ең қызықты дегендердің
астын сызып, өз ойларыңызды жазыңыз. Оқу ережесін
сіз білесіз: асықпаңыз, сіз .шін ең қажетті, анықтаушы
болып көрінген мазмұнға айрықша назар аударыңыз.
Келесі ережеге мән беріңіз: «Кіріс жее тұлғаның даму
деңгейін ұлғайтпайды, бірақ жеке тұлғаның даму деңгейі
кірісті өсіреді».
Есіңізде болсын, білім – сіздің мүмкіндіктеріңізді көп
есе кеңейте білетін күш. Бірақ оларды ойластырылған
әрекеттер жоспары мен жұмысты жақсылап ұйымдастыру
арқылы
нығайту қажет, яғни алған білімдеріңізді шы
найы өмірде пайдалана білу қажет.
Сұраққа жауап беріп көріңіз: сіздің ойыңызша, жоғары
білімді адам орта білімді адамға қарағанда көбірек ақша
табады деп санайсыз ба және неге олай санайсыз?
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
Егер сіз сұраққа оң жауап берсеңіз, сіз оқылған
материалдың барлығын бірдей түсінбедіңіз, тарау
ды тағы да оқып шығыңыз. Қорытынды былай бо
луы қажет – адамның табысы оның алған білімінің
200
Мен
және Ақша
мөлшеріне емес, оның іскерлігі мен оларды қолдана
білуіне байланысты.
Міне сондықтан да, университетті бітірген жа
стар, әрі кетсе, коммерциялық
компанияларда жұмыс
істейді, бірақ өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
Ең болмағанда – нарықта саудамен айналысады.
Сондықтан, беделді білім алуға ғана ұмтылмай, со
нымен қатар мамандық таңдауда өз арманыңызды іске
асыру үшін алынған білімді қолдана алатыныңыз жай
лы ойлауыңыз қажет.
Орта мектепті бітіргеннен кейін, әрбір адам
таңдалған бағыты бойынша
немесе ақылы курстарда
оқуын жалғастыра алады. Табандылық пен өзін ұстай
білушілік қойылған жоспарларды іске асыруға қажетті
көлемдегі білімді игеруге көмектеседі. Сонымен бірге,
ақылы түрде оқу барысында, мамандық таңдауды және
оқу деңгейін іскерлік жағынан бағалай отырып, оларға
жауапкершілікпен қарайсыз.
Есепшот үлгілері бойынша өз ой-пікірлеріңізді біздің
қорытындыларымызбен салыстыра отырып жазыңыз.
Барлық қалың қаріппен
белгіленген ережелерді жеке
тәжірибелік көзқарасыңызбен қарастыра отырып, со
лар бойынша өзіңізге сұрақ қойыңыз. Мысалы, «мен
ақшаны басқара аламын ба?» немесе «Болашағы үшін
ақша жинауға тырыстым ба?»
Сонымен қатар, келесі сұрақтарға да жауап беруге
тырысңыз: «Есепшот үлгісінің негізгі мақсатын игердіңіз
бе және ол не үшін қажет?» «Оны тәжірибеге енгізе ала
сыз ба?» Сонымен бірге, есепшот үлгісісінсіз қаржылық
жағынан тәуелсіз адам болуы мүмкін емес.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізгі кемшілігі
мұғалімдер алынған білімді шынайы өмірде қолдануға
үйретпейтіндігінде екендігін дәптеріңізге жазып
алыңыз. Осы тарау бойынша жұмыс жасап болған соң,
келесі «ақшаны қалай инвестициялауға болады?» деген
тарауды оқуға кірісіңіз.