208
Мен және Ақша
бірақ бұл басқалары екінші дәрежелі дегенді білдірмейді.
Сіз үшін қызықты болған барлық мазмұнның астын
сызып, қорытынды жасап, өз ойларыңызды жазуды
жалғастырыңыз.
Осыдан бөлек, адамдардың екі тізімін құру қажет
болады, біріншісі – сіз көп араласатын адамдар, ал
екіншісі – қаржылық жағдай мен мансап бойынша
сіздің арманыңызға жеткен адамдар. Олардың ішінде
екі тізімге де кіретіндер көп пе? Осы туралы ойланып,
өз қорытындыларыңызды дәптерге жазыңыз. Осы
тақырыптармен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін,
келесі тақырыпты оқуға кірісіңіз.
қорқыныштың жеті тҮрі
Бұл бөлімді оқығаннан кейін
жасалатын негізгі қоры-
тынды – қорқыныш өзіміздің жоспарларымызды жүзеге
асыруға кедергі келтіреді, алайда оларды жеңіп шығуға
болады.
Қорқынышқа көп мән бермеңіз, оның орнына өз
арманыңыз туралы ойлаңыз.
Кейбір қорқыныштардың қарапайым себептері болуы
мүмкін. Егер сынды ұнатпасаңыз, бұл да қорқыныштың
бір түрі, мұндай қорқыныштың түпкі көзі не екендігі ту
ралы ойланып көріңіз. Мүмкін бала кезіңізде ата-анаңыз
сізге жиі сыни ескертулер жасап, осы негізде олқылық
сезімі туындады ма? Өзіңізді шыңдау арқасында
эмоциялық күйіңізді басқаруға болады. Қорқыныш –
дене мүшесі емес, ол денеңізге тән емес. Қорқыныш –
тек ақыл-ойыңыздың күйі. Білім, тәжірибе мен дағдыны
дамытқан сайын ақыл-ойыңыздың күйін өзгертуге болады.
төрт БіреГей КітАп
Бұдан әрі төрт бірегей кітап туралы бөлімге көшеміз.
Біздің
ойымызша, төрт дәптер алып, әрқайсысына
төрт кітаптың («Табыстар кітабы», «Даналық кітабы»,