210
Мен және Ақша
тәжірибеге негізделген білімді алуда бір-біріңізге көмек
беруіңіз қажет. Топтағы қарым-қатынастар үндестігіне
әсер ететін қарама-қайшылықтарға жол бермеңіз.
Бір-біріңізге өз ойларыңызды еркін білдіру мүмкіндігін
беріңіз. Бірлескен жоспарларыңызды талқылап, жобалар
құрыңыз – топ ішінде тілектестік және өзара түсінушілік
жағдайы орнығуы тиіс.
4. Тұрақты қатысушылардан басқа, іс-шаралары ңыз-
ға көзқарасыңызға қосылатын достарыңызды шақы руға
болады. Уақыт өте келе олар тобыңызға қосыла алады.
5. Қажетсіз дауларды болдырмау үшін топтың барлық
мүшелері «Мен және ақша» кітабында көрсетілген жал
пы қағидаттарға негізделуі тиіс. Әр адам өзі жетекші әрі
басқарушы ретінде сезінуі үшін әрбір жиналысқа жаңа
төрағаны таңдау арқылы демократиялық ережелерді
қолданыңыз.
Қорытынды ретінде «Мен және ақша» кітабы өзіңізге
қандай әсер қалдырғанын түсінуде септігін тигізетін
сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: