Муравей слаб, но камень рушит
вокзалға келдім, жолсерікке өзімнің жағдайымды
түсіндіріп, куәлігімді кепілге беріп, мені ақшасыз
алуға көндіріп көрдім, бірақ ол бас тартты.
Қазір мен ол жолсеріктің қажымайтындығына
ризашылығымды білдіремін. Егер мен сол кез
де кетіп қалған болсам, онда бәрі басқаша бола
тын еді. Вокзалда менімен бір адам сөйлесті. Ол
адамға өзімнің жағдайымды түсіндіруге тура келді.
Мәскеуге келіп өзімнің барлық ақшамды жұмсап,
енді үйге қайта алмай отырғанымды айттым.
Ол қарқылдап күлді де: басқа мемлекеттегі
көп адамдар мұнда ақшасыз келіп, күн көрістік
қаржы тауып, үйлеріне ақшамен оралады, – деді.
Сен ақшамен келдің ғой, бірақ ақшасыз кеткің
келеді, алайда ол сенің қолыңнан келмеді. Керең
болмай, қажет сөздерді есту өте маңызды. Құдай
міндетті түрде біреу арқылы не істеуің керек
екенін айтады. Ықыласты болыңыз.
Мен кез келген жұмысты істеуге дай
ын екенімді айттым, бірақ жұмысты қайдан
табуға болады?! Ол тағы да қарқылдап күлді де:
«Мәскеу үлкен қала, мұнда жұмыс істеу үшін
бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттерді
санамағанда, ауғанстандықтар, вьетнамдықтар,
кәрістер, қытай лар көп келеді. Сен бұл жерден
жұмыс таба алмаймын деп ойлайсың ба?! Бұл
жалған».
Мен сол кезде ойланып, бұл сөздердің әділдігін
түсіндім. Сол кезде мен өзіме қомақты ақша тап
пайынша үйге оралмаймын деп ант бердім. Өзіме
сай жұмысты мен тез тауып алдым да белсенді
түрде жұмыс істеуге кірістім. Көбірек ақша табу
үшін ақшаларымды барынша үнемдедім, ақша
жинадым, бірақ жиналған ақшаның көп бөлігін
58
Мен және Ақша
милиционерлер менің заңсыз жұмыс істеуіме
байланысты тартып алды.
Менде өте аз ақша қалды. Шағымданатын ешкім
болмады және бұның мәнісі қанша?. Барлығын ба
сынан бастауға тура келді, жұмыс істеп, үнемдеп,
ақша жинадым. Бірақ бұл жағдай қайталана
берді. Өте ренішті жағдай болды, мен не істерімді
білмедім. Сол кезде бірнеше рет тәртіп сақшылары
тартып алған ақша көлемі қомақты болатын.
Тағы бір осындай жағдайдан кейін менде мүлде
ақша қалмады және өзім де қажыдым. Барар жерім
болған жоқ. Таң ата метроға мініп Киев вокза
лы бағытына жол тарттым, бір станциядан түсіп,
Москва-река бойындағы саябаққа жетіп, орындыққа
отырып, құдайға жалбарындым: «Құдайым, неге
мен сияқты еңбекқор адам адал түрде еңбек етіп,
өзі қалаған өмірін сүре алмайды? Бұл әділетсіз».
Мен жалбарынып, жылап отырдым.
Дәл сол уақытта менің өмірге деген көзқарасым,
дүниетанымым өзгере бастады. Бұл нұрға бөленумен
тең еді. Мен өз-өзіме қарадым, аяқ киімім су, киімім
кір, жуынбаған, қырынбағанмын, ақша тауып үйіме
қайту үшін үш ай бойы жұмыс істеп далада тұрдым.
Мен осындай өмір туралы армандап па едім?
Осы сәтте құдай мені естігендей болып, мен
өзімнің ішкі даусымды тыңдадым: «сенде ақша бол
ды, бірақ сен оны басқара алмадың; сен оны ақылмен
жұмсап, жақсы өмір сүруің болар еді, алайда олай
істемедің, сен білім алуды армандадың, бірақ тек
оқымай ғана қоймай, өзіңді-өзің жәбірлегендей
жұмыс істедің, сондықтан мен сенің ақшаңды тар
тып алдым».
Осы кезде мен, адамдар 18-20 сағат бойы жұ-
мыс істеп, неліктен байымайтындықтарын түсін-
|