Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Себебі мен мынаны түсіндім, мен қара



Pdf көрінісі
бет35/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Себебі мен мынаны түсіндім, мен қара 
күшпен жұмыс істеу арқылы ақша табуыма бо-
лады немесе өз ақылым арқылы таба аламын.
Құдай бізді ешқашан жалғыз қалдырмайды. Сол 
жерде, орындықта су-су болып, не істерімді білмей 
отырып, мен құдайдан парасат пен түсіністікті 
сұрадым. Автоматты түрде аяқ киімімді шешіп 
ішіндегі қоқымнан тазартқым келді. Сол кезде ке­
неттен, аяқ киімімнің табанынан бес жүз рубльдық 
екі купюра тауып алдым. Басында сенбей, жай жап­
сырмалар шығар деп 
ойладым. Қолыма алып 
қарасам, шынымен ақша 
екен. Дәл сол сәтте, өзіме 
барлығын өзгертем деп 
уәде бердім. Және осы 
ақша мен байлығымның 
бастамасы болады деп 
сендім. 
Менің 
шешім 
қабылдауым 
сол 
екен, менің өмірім 
ертегідегідей 
өзгеріп 
сала берді. Мен бұған 
сенемін. Аяқ киімімнің 
табанынан ақша тауып алғаннан кейін ақша 
басқаруды үйренемін деп өзіме ант бердім. Және 
антымды орындадым.


61
 Муравей слаб, но камень рушит
Бодо Шеффер: «Ақша пайда болмай тұрып, 
оны басқаруды үйрену керек, сонда ақша тапқанда 
оңай болады», – деген болатын. 
Сол кезде тағы әлемде барлығы молшылықта 
берекеде екен деген ой келді. Құдай бізге жерде де, 
суда да, жер астында да, 
су астында да өте көп 
табиғи байлық берген. 
Бірақ біз оның барлығын 
бағаламаймыз.
Сол кезде, мен өзім-
нің ішкі жағдай ым-
ның бұрынғыдай емес екендігін түсіндім. Ішінде 
бірдеңе өзгерді. Қайта құру мен соғыс барлығын 
өзгертпейінше, мен ауқатты отбасыдан шықтым, 
жақсы киінетінмін, әрқашан ақшалы болғанмын. 
Алайда, соңғы кездері, мен өзіме көңіл бөлуді 
қойдым, өз киіміме қарамадым, ақшам бар болса 
да қымбат заттарды алуды қойдым. Менде өзіндік 
ауқаттылық сезімі болмады. 
Мен өзіме-өзім ұқсамадым, киімім, аяқ киімім 
кір, өмірім қараусыз, елеусіз болды. Әрдайым 
ақша жоғалтып алудан қорқатынымды аңғардым. 
Маған, менің денеме кедейлік әдеттері қонып 
алғандай болды. Мұның барлығы білінбей ба­
сталып кеткен әдеттер болды, бірақ оны елемей 
қалдырсам, барлығы осы күйінде қалар еді. Мен 
бұны қаламадым және өзіме былай деп ант бердім: 
«Мен өзіме бай болып өмір сүруге рұқсат беремін 
және мен байлықта өмір сүретін боламын». Осы 
шешімнен кейін, ерекше жағдай орын алды, мен 
көп ақша таба бастадым. 
Мен жүз рубльден бастадым. Бір аптадан 
кейін күніне 300, 500, 1000 рубль таба бастадым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет