62
Мен және Ақша
Қарапайым тамақ 20 рубль тұратын, ал 300 рубльге
қымбат орыннан жақсы тамақтануға болады. Менің
не істегенімді білесіз бе? Мен сол тапқан 1000
рубльға тиіспедім, ал қалғанын жұмсадым.
Қолымда бар
ақшаның барлығын жұмсаймын
деген мақсат қойдым. Ең қымбат мейрамханаларға
бардым, ең қымбат әрі күшті тағамдарға тапсы
рыс бердім, қымбат киімдер кидім,
өзімді бай
адам сияқты сезініп көргім келді. Менің ойым мы
нау еді – өзім тапқан ақшаны біреуге тартқызып
қойғанша, өзім жұмсайын. Мен сол кезде маңызды
затты түсіндім,
өз-өзіңе қалай қарасаң, адам
дар да саған солай қарайтын болады,
егер өзіңді
құрметтесең, айналадағылар да сені құрметтейтін
болады. Міне, сондықтан мен жақсы киініп, қымбат
мерамханаларға баруды жөн көрдім.
Тағы былай істедім. Жүргізушінің қасына келіп,
бір сағат жүру қанша тұратындығын сұрадым. Ол
қайда баратынымызға байланысты деп жауап берді.
Мен
ешқайда бармаймын, жай қыдырып қайтқым
келеді деп жауап беретінмін. Жүргізуші таңданып:
«Неге?» деп сұрайтын. «Білесің бе,
мен әрқашан
Мәскеуді айналып көшелерін көруді армандайтын
мын», – деп түсіндіретінмін мен. Ол күнде маған
Мәскеуді аралататын. Және қызметі үшін
жақсы
ақша алатын. Мен неліктен олай істедім? Өзімді
бай, сенімді адам сезінгім келді. Адам өзін сенімді
сезініп, сенімді жүрсе, онда барлығы орындалады.
Біраз уақыттан кейін өзімді бай ретінде сезіне
бастадым. Күніне 1500-2000 рубль ақша таба баста
дым. Ол күндері шамамен бұл ақша 400-500 доллар
көлемінде болатын.
Тәжікстанда мұндай ақшаға
пәтер сатып алуға болатын.
Осы мақсатпен, мен вокзалға барып, жақында