Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Егер сіз ақшаға байсалды әрі сенімді қарай



Pdf көрінісі
бет41/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Егер сіз ақшаға байсалды әрі сенімді қарай 
алмасаңыз – ақша аз ба, көп пе, маңызды емес, 
демек ешқашан бай бола алмайсыз. Егер сіз 
тіпті аз ақшадан қорықсаңыз, сіздің ешқашан 
көп ақшаңыз болмайды. Сондықтан тәжірибе 
жинаңыз. Өз мүмкіндігіңізді, мамандығыңызды 
ақшадан жоғары қойыңыз. Сол кезде ғана 
жетістікті тәуелсіз адам боласыз. 
Тәуелсіз адам деп кімді атуға болатынын 
білсіз бе? Өзіне, досына, әйеліне, балаларына ай­
тып, уәде берген затының барлығын орындай 
алатын адам. Егер сіз өміріңізді ертегіге айнал­
дырам десеңіз, жасаңыз. Егер өз дарыныңызды 
дамытамын десеңіз, дамытыңыз. Қанша қиын 
болса да жұбайыңыздың ата-анасымен қарым-
қатынасыңызды жақсартам десеңіз, орындаңыз. 
Егер балаларыңызға жақсы білім беремін десеңіз, 
беріңіз. Міне, осы нағыз еркіндік пен тәуелсіздік. 
Менің ойымша, барлығымыз оған лайықпыз. 
Сізден: «Неліктен осыншама көп ақшаны 
өзіңмен алып жүрсің?» деп сұрауы мүмкін. Сіз ақша 
бұлшықетін жаттықтырып жүргендігіңізді айтыңыз. 
Сізді дарақы деп есептесе де, ары қарай алып 
жүруді тоқтатпаңыз. Есті, бірақ кедей болғаннан 
гөрі, дарақы, бірақ бай әрі жетістікке жеткен адам 
болған артық. 
Мынадай оқиға болған. Бір күні мен Мәскеудегі 
әуежайдан ұшатын болдым, өзіммен бірге 40 мың 


71
 Муравей слаб, но камень рушит
доллардан артық ақша болды. Көп ақша. Ақша, 
мен шешіп багажымның үстіне қойып қойған 
күртемнің қалтасында 
болды. Рейске дейін 
біраз уақыт бар бола­
тын, мен дәретханаға 
барып келейін деп 
кеттім. Бірақ, жүре сала 
менің есіме қалтамда 40 
мың доллар жатқандығы 
түсті. Қасында тұрған 
әйелге заттарыма қара-
уды өтінгеніммен, ба­
рып ақшамды өзіммен 
алып кеткім келді, мен 
жоқ уақытта кез келген жағдай орын алуы мүмкін 
емес пе?! 
Менің қайта қайтқым келді, бірақ мен 
өзімді тоқтатып, былай ойладым: «Сенің үлкен 
жоспарларың бар, сондықтан ойланбастан өз ісіңе 
қарай жүре бересің, немесе қайтып барып, бар 
ақшаңа мойынсұнып, сол ақшамен ғана қаласың». 
Мен өзімді күштеп кетуге мәжбүр етіп, аяқтарыма 
дейін дірілдеп тұрдым. 
Мен өзімді осы ақшаның деңгейінде ғана 
қалғым келмейтініне, менің үлкен арманым бар 
екендігіне және осы ақша үшін қобалжып, уайым­
дамауым керек екендігін айтып, сендірдім. Алай­
да, әр басқан қадам сайын менің күмәнім күшейе 
түсті: «кенеттен күрте жерге түсіп, ақшам жерге 
шашылса ше? Біреу заттарымды қағып кетіп, ақша 
көрініп қалса ше?». Осындай мыңдаған ойлар ба­
сымды шырмап алды. Тіпті дәретханада отырсам 
да уайым мені қалдырмады. Мен тіпті: «Мүмкін 


72
Мен және Ақша
тұрып не болып жатқандығын қарап келіп, сосын 
жалғастырармын», деген ойлар да келді. Мен ол 
соманы жоғалтудан қатты қорықтым. Маған бұл 
қазір күлкілі сияқты көрінеді, ал сол кезде барлығы 
күрделі болатын. 
Бірақ мен өз қорқынышымды жеңе білдім. 
Себебі, қорқыныш бізді артқа тартады. Ол біздің 
арманымызды жүзеге асыруға кедергі келтіреді, 
сенімнен айырады, олар бізді аз нәтижеге қанағат 
тұтуға жетелейді. Өз қорқынышыңызға берілмеңіз. 
Өз арманыңызға сеніңіз. Және сізден біреу қарыз 
сұраса, сізден сұраған ақшаның он пайызын ғана 
бере алатынызды, есіңізде сақтаңыз.
Сіздің блокнотыңызға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет