105
Стимул муравья – потребности семьи
ИНВЕСТИЦИЯ ҮШІН ТӨРТ БАғыТ
Нақтылық үшін төрт бағыт бойынша инвестици
ялау қажет, олардың әрқайсысының өз мақсаттары
мен мүмкіндіктері болуы керек.
Бірінші бағыт – сіздің банкіде сақтайтын қолма
қол ақшаңыз.
Оларға тиісуге болмайды, басқа
мақсат үшін шоттан алуға болмайды, себебі, ол
сіздің қаржылық
қорғанысыңызды қамтамасыз
етіп тұр. Сонымен қатар, ол сома әрдайым бөлініп
отырған жылдық пайыз бойынша өсіп отырады.
Екінші бағыт – ол компанияның акциялары
және құнды қағаздар. Бұл салада қиын ештеңе жоқ,
тек алғашқыда ғана барлығы өте қиын әрі түсініксіз
болып көрінеді. Жай ғана осы бағытты зерттеп
көріңіз,
биржада акция алып көріңіз, алдымен аз
сомаға сатып алыңыз. Егер кенеттен бұл акцияларға
баға төмендеп кетсе, ештеңе етпейді, сіз тәжірибе
аласыз. Уақыт өте келе барлығына үйренесіз, дұрыс
уақытта сатып және сатып алып, қажет акцияларға
ақша салуды, бағаның ауысуынан ақша тауып
үйренесіз. Бұл іспен
айналысатындардың қызық
ережесі бар, олар барлығы қорыққанда акция сатып
алады да, барлығы жоғарылауды күткенде сатады.
Үшінші бағыт – жылжымайтын мүлік. Ол ылғи
бағалы, оны сату оңай және ол тұрақты пайда алып
келе алады. Бүкіл әлемде жылжымайтын мүлік ка
питал салымының тиімді түріне жатады.
Егер сіз үй немесе пәтер сатып алғыңыз келсе,
оны жетістікке жеткен адамдардан алыңыз. Тіпті
сағат немесе туфли алсаңыз да кез келген орындар
дан емес, жақсы салондардан алыңыз. Әдетте адам
дар: «базардан мен әлде қайда арзанға аламын»
деп айтады. Алайда, барлығына да төлеу керек.
Қымбаттырағын салоннан алу арқылы сіз тек ақша
106
Мен және Ақша
төлейсіз. Егер базардан алсаңыз, сіз уақытыңызды
да жоғалтасыз, себебі іздеу керек болады. Ақшаны
табуға болады, ал уақытты қайтара алмайсың.
Біздің
қағидаларымыздың мәні, жұмыста
өткізетін сағатымыздың санын арттырмай, өзіміздің
жұмыс күніміздің уақытын арттырмай ауқатты
адамға айналу. Сондықтан оқыту уақытты үнем деу-
ге,
оны басқаруға, дұрыс қолдануға бағытталады.
Тағы да қайталап айтамын, 3-5 жыл жақсылап жұмыс
істеп өміріңіздің қалған уақытында өз рахатыңызға
жұмыс істеп, жақсы өмір сүрген дұрыс.
Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алғанда
ауқатты адамдардан алуға тырысыңыз. Неге деп
сұрайсыз ба? Себебі, пәтердің қабырғаларының
өзі иелерінің
жағымсыз энергиясын- ұрыстарды,
күйзелісті, жаман көңіл-күйді, жағымсыз эмоция
ларды сіңіріп алады.
Одан біраз ақша қосып, жақсы адамдардан алған
дұрыс. Жанұялық бақыт, балалардың денсаулығы,
отбасындағы гармония кез келген ақшадан артық.
Ақшаны қайтып ала аласыз. Ал қабырғалар мен зат
тар өз иелерінің жағымсыз энергиясын, мәселелері
мен сәтсіздіктерін жинап алады. Сондықтан
үйіңізде ұрыспаудың барлық амалын жасаңыз. Сіз
ақшаңызды үнемдеп, арзанырақ сатып алсаңыз,
бұл сіздің өміріңіздің
басқа жақтарына жағымсыз
әсер етуі мүмкін. Тіпті жылжымайтын мүлікті
қайта сату үшін алсаңыз да бұл жақсылыққа пайда
мен табысқа алып келмеуі мүмкін. Алып келсе де
ақша су секілді кетіп қалады. Жалпы, жаңа пәтер
сатып алу керек немесе өз үйіңізді салу керек,
себебі, сіз өзіңіз үйіңізге жағымды эмоциялар, үміт
пен арманыңызды саласыз. Сіз өз үйіңізде
қалай
тұратыныңызды елестетесіз, бөлмелерді бөлесіз,