Стимул муравья – потребности семьи заттарыңызды қоясыз, өз үйіңіздің қабырғаларын
жағымды энергияға толтырасыз. Сондықтан
жаңадан салынған үйлерде жаңа пәтер сатып алуға
тырысу керек.
Төртінші бағыт – компанияның бөлігіне ай
налу, патент алу, авторлық құқық алу, лицен
зия, сақтандыру полисін алу, болашағы бар
кәсіпорындарға тікелей инвестиция салу. Сіз мұны,
оның жобаларына өзіңіздің ақшаңыздың бөлігін
салу арқылы жасай аласыз. Бірнеше ұзақмерзімді
әрі жинақтаушы сақтандыру полистерін сатып
ала аласыз. Ол сізге сенімділік береді әрі сіздің
болашағыңызды қамтамасыз етеді.
Бұл бағыттардың тек біреуіне ғана салуға бол
майды, себебі барлық жерде тәуекел бар. Барлық
төрт бағытқа салым салу ғана сізге қаржылық
тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жаттығу Бизнеспен айналысқысы келетін бірнеше адамды – достарыңызды, жолдастарыңызды, әріптестеріңізді жинауға тырысыңыз. Олармен мынадай ойын ойнап көріңіз. Алдымен ақша ретінде доллардың, евро, рубль, тенге, сомның көшірмелерін жасап қойыңыз (Шынайы ақшалармен де ойнауға болады, егер мүмкіндік болса, әрине). Содан соң жүргізуші кімге ақша керек деп сұрасын. Бірінші болып қолын көтерген адам ақшаның барлығын алады. Сонымен қатар, барлығының ақша алуға құқығы бірдей. Осы- дан кейін қалған ойыншылар инвестиция үшін өз идеяларын ұсынуы тиіс. Ақшаны алған адам кімнің идеясын ал керектігін өзі таңдайды, биз- нес жобалардың қайсысы тиімдірек және шы-
108
Мен және Ақша
найы өмірге жақын екендігін қарап, ойыншылар арасында қаржыны бөліп салады. Бастысы, оның мәселелерінің шешімі болатын идея ұсыну. Егер ақша алған ойыншының қызығушылығын тудырсаңыз, инвестицияның өзіңізге тиесілі бөлігін аласыз. Ақшаға ие болған әрбір ойыншы по- тенциалды инвесторға айналады. Енді әрбір адам өзінің бизнес жобасын толықтыратын қызметтер мен идеялар ұсына алады. Әрбір қатысушының мақсаты, инвесторларды қызықтыратын, оларды сіздің идеяңызға ақшасын салуға мәжбүр ететін ұсыныс жасау. Қарапайым мысал: бір қатысушы құрылыс компаниясының директоры болып табылады және бірнеше көпқабатты үйлерден тұрғын үй комплексін салғысы келеді. Басқа қатысушы, кірпіш шығаратын зауыт директоры, оның мүддесін ескере отырып, нарықтық бағадан төмен бағамен кірпіш ұсынады. Тағы біреуі белгілі уақытта сапа- лы бетон жеткізуді ұсынады, үшінші адам терри- торияны жайғастыру туралы келісімді ұсынады. Төртінші қатысушы жарнамалық компанияның иесі болғандықтан, бөліскерлерді тарту мақсатында, салынып жатқан тұрғын үй комплексінің жарна- масымен айналысуды ұсынады. Егер ұсыныс көңілінен шықса инвестор өз ақшасының бөлігін береді. Содан соң ең көп ақша алған адам өзінің жоспарлары туралы айтады (идеялары, жобалары). Ал қалған қатысушылар тағы да, енді осы адамның мүдделерін ескесірп, оған идеяларын ұсынуы тиіс. Ойын кезәнде ақша ылғи қолдан қолға ауысып отырады. Және осы кезде сіз маңызды затты түсінесіз, әріптесіңіздің мүддесін есептеңіз, сіздің ұсынысыңыз оның