128
Мен және Ақша
Сіздің жолыңызда
қандай кедергілер болуы
мүмкін? Сіз белгілі бір өнім ұсынасыз деп ойлайық.
Бір жерде сіздің ұсынысыңыздан бас тартты, содан
соң екінші жерде, сосын үшінші.
Уақыт өте келе сіз өзіңізге деген сенімділіктен
айырыласыз және өз өніміңіздің тиімділігіне және
сапасына күмән келтіре бастайсыз.
Немесе сізде бір идея пайда болады,
сіз оны
жүзеге асырғыңыз келіп, досыңызға айтасыз, ал ол
былай дейді: «Сен өзіңді басқалардан ақылдымын
деп есептейсің бе. Егер бұл идея шындыққа жа
насатын болса, басқалары баяғыдан бері оны
қолданатын еді».
Сіз өз идеяңызды тағы бір
адамға айтасыз, мысалы, жақын туысыңыға. Ол
да сіз үшін қуанбайды, жағымсыз жағын көреді.
Сіз үшінші адамға айтасыз, ол
да бұл идеяны
қолдамай, сізді айнытуға тырысады. Біртіндеп,
сіз мойып кетесіз. Бірақ, сіздің достарыңыз бен
туыстарыңыз
ешқашан бай болмаған, олар өз
тәжірибесіне сүйенеді және сол үшін осындай
«ақылды» кеңестер береді.
Олар осылай жасау
арқылы сізге және сіздің ақшаңызға қамқорлық
жасадық деп ойлайды. Бірақ мұндай кеңестерден
кейін, сіздің өз идеяңызды жүзеге асырамын деген
ойыңыз жойылып, өзіңізге деген сенімділіктен ай
ырыласыз, күмәнданып, өз жоспарларыңыздан бас
тарта бастайсыз. Біраз уақыт өткен соң,
әйтеуір
біреу сіздің идеяңызды жүзеге асырғандығын
көресіз. Және оның қолынан келді!
Достарыңызбен бөлісу: