132
Мен және Ақша
оған екінші рет барғанда сексен пайызға бас тарта
тыны белгілі болады. Үшінші рет жағымсыз жауап
алу пайызы жетпіске түседі. Тек тоғызыншы рет
те ғана пайыз 95-ке төмендеп, сіздің табысыңыз
нақты болады.
Сондықтан
сіз кезекті бас тартудан кейін,
өзіңізге былай деңіз: «қандай керемет, бас тарту
мүмкіндігі он пайызға төмендеді. Келесі жолы оң
жауап алу мүмкіндігім жоғары болады». Тәкәппар
қалыппен алға жылжыңыз. Әрқашан да әрбір бас
тартуды естіген сайын жеңісіңізге көтеріліп бара
жатырмын деп есептеңіз. Сонымен қатар, әр қадам
сайын сіздің шеберлігіңіз бен кәсіпқойлығыңыз
арта түседі.
Бұл қағиданы білмейтін әрбір адам өзіне деген
сенімінен айырылып, еңсесі түсіп, өз шешімінен бас
тартуы мүмкін. Бұл қағидаларды білу, сізге әрқашан
да жақсы нәтижеге жетуге көмектеседі. Себебі,
бұл табысты адамдардың тәжірибесі негізінде қол
жеткізілген заңдылық. Бұл сізді табысқа жетелейді.
Өз мақсатыңызға жету жолында тұрып қалмаңыз,
әрқашан талпынысыңызды тоқтатпаңыз.
Табандылықтың
жақсы мысалы, адам
сәтсіздікке ұшыраған сайын еңсесі түспей, алға
жылжи беруі – бұл Эддисонның мысалы. Жаңа
өнертабысты ашқанда, ол 500 рет тәжірибеден
өткізетін, сәтсіздіктен сәтсіздікке ұшырай берді.
Ешкім табысқа жету мүмкіндігіне сенбеді, барлығы
кетіп қалды, оның тек бір ғана шәкірті қасында
қалды. Ол Эдисоннан: «Ұстаз біз 500 рет жасап
көрдік,
ештеңе шықпады, барлық қызметкерлер
кетіп қалды. Ал сіз күн сайын барлығы жақсы
сияқты жақсы көңіл күйде, сондай құлшыныспен
келесіз» деп сұрады.