Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды
9. ҚОРҚыНыШ
А. Кедейшілік
В. Кәрілік
С. Ауру
D. Махаббаттан айырылу
Е. Сын
F. Өлім
G. Белгісіздік
Қорқыныштар бізді еркімізден және өз
мақсаттарымызға деген сенімділіктен айыра от
ырып, мақсаттарымызға жетуге кедергі келтіреді.
Көбінесе қорқыныш бізді өз армандарымыздан бас
тартып, барға қанағат етуге мәжбүрлейді.
Кедейлік қорқынышы бізді ұнамсыз жұмыспен,
ұнамсыз іспен айналысуға, сонымен қатар
қызықсыз адамдармен араласуға, өз өмірімізде бір
нарсені өзгертуге қорқуымызға алып келеді. Уақыт
өте келе кәріліктің, ауру-сырқаттардың келуінен
қорқа бастаймыз. Бірақ қорқыныштың өзі ауруға
ұқсайды және аурушаң жағдайларға итермелейді.
Шарасыздықтан қорқу қажет пе? Әр жастың өз
ғажап кезеңі мен артықшылықтары бар. Қорқыныш
бізге оң нәтижелер бермейді, ол тек біздің жоспар
ларымызды іске асыруға қажетті күш пен қуаттан
айырады. Сыннан ешқашан қорықпаңыз, себебі ол
қателіктеріңізді түзетіп, кемшіліктеріңізден арылуға
көмектеседі. Жағымпаздықтан аулақ болыңыз, ол
ең алдымен өзіңіз жайлы ойды бұрмалап, қажетсіз
өзін-өзі дәріптеу әдетін тудырады.
Қорқыныш – бұл дене мүшесі емес. Санада
жалтақтаушылық күшейгенде, қорқыныш пайда
болып, күмәндану ықпалдарын туғыза бастайды.
176
Мен және Ақша
Осы жалтақтаушылық пен күмәндану «екеуі» бірге
қорқынышты қалыптастырады және күш-жігердің
берекесін қашырады. Адам бір нәрсе жасағысы
келеді, бірақ ол қолынан келмейдді. Оның қалауы
іс-әрекеттерімен және нәтижелерімен тіпті сәйкес
келмейді.
Қорқыныштан арылу үшін, табандылығыңызды
дамыта түсіңіз. Мәселелерден айналып өтпеңіз.
Оның ең жеңіл жолын іздемеңіз, керісінше оның
шешу жолына баса назар аударыңыз. Кішкентай
кірпіштерді бір-біріне сүйеп қалап, солармен
қадамдап, біртіндеп жоғары көтерілгендей,
шешілмейтін болып көрінетін мәселелерден де
көтерілесіз. Күндердің бір күнінде сол мәселеден
жоғары тұрғаныңызды байқайсыз.
Өлім қорқынышы барлық адамдарда бар.
Одан ешкім қашып құтыла алмайды. Біздің аты
мызды ешкім күн сайын айтпайтын, бізді ешкім
күтпейтін уақыттың туары сөзсіз... Бірақ бір
нәрсе қалады. Біздің жақсылығымыз. Біздің
қолымызбен жасалған жақсылық ешқашан
өлмейді. Өлімді жеңудің жақсы әдісі бар. Өзіңізде
бардың барлығымен бөлісіңіз. Махаббатыңызбен,
уақытыңызбен,
өз
мүмкіндіктеріңізбен,
ақшаңызбен, сабақтарыңызбен, – өзіңізде бардың
барлығымен бөлісіңіз, сонда өлімнің сізден алары
қалмай қалады. Адамдар өлімнен тек «өмір сүріп
үлгермеймін» деп қорқады. Өмір – керемет. Егер
біз өмір сүруді үйренсек, өлімнен қорқудың қажеті
болмайды.
Белгісіздіктен қорықпаңыз, себебі ол сіздің алға
қарай жылжуыңызға кедергі келтіреді. Және сіздің
ойыңыз бен сезімдеріңіз сіздің болашағыңызды
анықтайтыны есіңізде болсын. Көбінесе ол
177
Достарыңызбен бөлісу: |