Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады.
Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие процесінде
алған әрекеттік қорғану тәсіліне еліктеу нәтижесі екенін байыптайды.
Алайда, құндылық ұстанымдарды адам көбіне сезінбейді. Бұл адам
өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ
өмірлік бағдарламаларға қалыптастыратын базалық діни-философиялық,
рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің
нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды.
Адамның сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін
сипаттау мақсатында адамның әлеуметтік әрекетінің қандай бар бір
нысанын қалыптастыратын құрылымдық элементтерді мен олардың
өзара байланыс және өзара әрекет схемаларын, психикалық процестердің
жүру себептерін, заңдылығын, серпінін айқындайтын модель әзірленді.
Бұл модель төменде схема түрінде ұсынылған.
Бұл модель адамның ілгерінді және теріс сипаттағы, атап айтқанда
тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа бейім де, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы да әрекеті сияқты психологиялық тетігін айқындайды.
Психологиялық тетіктің құрылымдық элементтерінің әрқайсысы
сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысты өз сипаттық ерекшелігі болады.
Мейлінше елеулі элементтерге талдау жүргіземіз.
Қалау
Қызығушылық
Дүниетаным
Сенім
Мақсаттар
Құндық бағдар-
лар
Қажеттілік
Бастапқы
нақты уәж
Міндеттер
Ұсынымдар
Психологиялық
доминант
Тұлғалық
ұмтылушылық
Қорғаныс уәжі
Психологиялық
қорғаныс
Қызмет
Бағыттылық
Дайындық
Қанағаттану
Келешекті түйсіну
Әрекет стилі
Адам әрекеті қалыптасуының психологиялық тетігі
81
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛ ТУРЫ
Қалаушылық адамның әлеуметтік әрекетінен көрінетін адам
табиғатының ажырамас өзіндік элементі болып табылады. А. Маслоу
теориясына сәйкес қажеттілік сатысы болады, онда мейлінше төмен
деңгейдегі негізгі қажеттіліктер төменгі сатыда, ал жоғары деңгейдегі
қажеттіліктер ең жоғарыда болады [5]. «Қалаушылық» элементі адам
әрекетін қалыптастыру тетігін құрай отырып, сыбайлас жемқорлық
әрекетінің міндетті құрылымдық элементі болып табылмайды.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына
кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас жемқорлық
қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ:
басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пара сұрау (бопсалаушы) не
сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Нақ осы тұста
мүдделер, қалаушылық перспективаларды (жеңіл баю, әлеуметтік
мәртебені арттыру және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен
біліктігін (иеленген лауазым, мүмкіндік және т.б.) барабар бағалау
негізінде пайда болады. Қазіргі заманғы жемқор – жоғары білімді, жақсы
отбасы иесі, жақсы қызметкер (олардың көпшілігінің қызметтік тізімі
мінсіз болады әрі айрықша іскерлік қасиеттермен және жұмыс қабілетінің
жоғары деңгейімен, дүниетанымының, психикасының орнықтылығымен,
көбіне жоғары материалдық жағдайымен ерекшеленеді) екенін ескере
отырып, ол ең алдымен «өзін-өзі көрсетуге» ұмтылған тұлға. Бұл ретте,
өзін басқалардан ерекше етіп көрсету (барынша жоғары әлеуметтік
жағдайға ұмтылу, қамқоршы, «керек байланыстар» жүйесі, жеке оңай
олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың
«қайтарушылығын» күту және т.б.) ол үшін аса маңызды.
Әрекеттің қозғаушы себебі ретінде көрінетін әрекет уәжі сыбайлас
жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттердің бірі болып
табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті уәжін әлеуметтік-психоло-
гиялық зерделеу қызықты нәтиже берді, ол екі жетекші уәжді
көрсетті: материалдық игілікке ұмтылудан тұратын жеткілікті түрде
анық уәж және сыбайлас жемқорлықты қауіпті және еліктіргіш ойын
ретінде көрсететін таптаурын уәжі. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің
мейлінше жиі кездесетін уәждері оңай олжаны көксеу, молшылық
өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту,
қамқоршылық жүйесі, қауіпті ойын. Ю. М. Антонянның пікірінше
«сыбайлас жемқорлық әрекетіндегі ойын уәждері пайдакүнемдік
уәжбен сипатталады және бір-біріне себеп бола бастайды. Уәждеменің
осы екі негіздерінің болуы, олардың бір бірін өзара күшейтуі сыбайлас
жемқорлықтың таралушылығын және бұл әрекет өмір салты бола
отырып, көп жылдар бойы іске асырылатын түсіндіреді» [6].
Америкалық психологтар, адамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін
жасауға формальды топтарда табиғи қажеттіліктерге қанағаттанбаушылық
итермелейді, олар осы орайда баюды көксеу, қоршаған адамдармен
бәсекелесу, туа бітті агрессивтік және өштес және т.б. мінездерді атайды.
С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты
қанағаттандыру мақсатында жағдайды өзгертуге бағыттайтын белсенді
қатынасын (ұмтылысын) қамтиды. Демек, қажеттілік адам өз белсен-
ділігін көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді [9].
82
|