Қазақстандағы
франчайзнгті
дамыту
Орындаған: Зейнелхан Н
Тексерген: Кирбетова Ж
Қазақстандағы франчайзингті жетілдіру жолдары
Қазақстан өзінің экономикалық дамуында көптеген жетістікткерге жетті.
Елімізде 16 жыл ішінде экономикалық реформалар, төңкерістер де болды.
Қазіргі таңда, мемлекетімізде экономикалық өсу жылдан –жылға ұлғаюда.
Мемлекетіміздің қазіргі басты бағыты – 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына
қосылу болып отыр. Әдетте, дамыған мемлекеттер тәжірибесінде, шағын және
орта бизнес – экономикалық өсімнің қайнар көзі болып табылады.
Қазақстанда шағын және
орта бизнесті дамытудың
бірден-бір тиімді жолы –
франчайзинг.
Франчайзинг — бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және
орта бизнесті дамытуда франчайзингтің орны үлкен болып табылады. Бұл
құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне өз үлесін қосады. Елімізде
франчайзингті дамытуда 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия
туралы» заң қабылданған болатын. Осы заңмен қоса, Қазақстанда
франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған
қызығушылық , мүдделілік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында
2002 жылдың ақпанында Қазақстандық Франчайзингтік Ассоциациясы
құрылды. Осыған қарамастан, франчайзинг Қазақстанда өз деңгейінде
дамымай отыр. Сол себепті, мен болашақ экономист ретінде франчайзингің
Қазақстанда қарқынды дамуына өз ұсыныстарымды айтсам деймін:
1. Қазақстандағы Франчайзинг
ассоциациясының қызметін кеңейту.
Қазіргі таңада ҚФА қызметі тек Алматы қаласымен
шектеліп қалған сияқты, өйткені ҚФА-ның ай сайынғы
көрмелері, консультация кеңестері, яғни, франчайзингті
дамыту шаралары тек, Алматы мен Астанада болған екен.
Осы жерде Қазақстандағы басты қалаларында кеңселері
болса, франчайзингті дамыту щаралары көптеген
қалаларда жүргізілсе, шағын және орта бизнестің
қарқынды дамуына өз үлесін тигізер еді. Осы тұрғыдан
алғанда, мемлекет тарапынан, нақтырақ айтсам, Экономика
және жоспарлау министрлігі үлкен қолдау көрсетіп;
экономикалық жетістікке жетуде франчайзинг тиімді құрал
бола алар еді.
2. Франчайзинг жүйесі
арқылы кәсіпкерлікпен
айналысамын деген
адамдарға, кәсіпкерлер
иелеріне кредиттік
жеңілдіктер беретін
бағдармалар жасау.
Қазір кезде кәсіпкерлер үшін банктен кредит алу
ең үлкен қажеттілік болып табылады.Ал, отандық
банктерден кредит алу кәіпкелерге үлкен
тәуекелдікті талап етеді. Бұл кәсіпкерлер үшін
қиындық тудырады.Сол себепті, мемлекет
тарапынан қолдау көрсетіліп, франчайзинг жүйесі
арқылы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға
«кредиттік жеңілдіктер» атты бағдармалар
жүргізілсе, Қазақсатндағы франчайзингтің дамуына
үлкен септігін тигізер еді.
3. Қазақстан мемлекеті ТМД мемлекеттері ішінен бірінші
болып, 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия
туралы» заң қабылдаған болатын.
Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстандағы заң жүйесі
франчайзингтің дамуына ықпал жасайтынына сенімді. Бірақ, қазіргі
таңда мемлекет тарапынан күткен үміттері ақталмай отыр. Әрине,
франчайзинг дамуда, бірақ жоғарғы қарқында дамып жатыр деу қиын.
Сол себепті, бұл жағдайға менің ұсынысым мынадай:
Комплекстік кәсіпкерлік лицензия туралы» заңға толықтырулар енгізу. Себебі,
кәсәіпкелердің айтуынша, заңда еркін франчайзинг жуйесімен жұмыс істеу
мүмкіндіктері толық қамтылмаған деуге болады.Сондықтан минмстрлік тарапы
заңды қайта қарап, қазіргі нарықтық экономиканың барлық шарттарын
орындайтындай, еркін кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін жағдай
жасауы тиіс деп ойлаймын.
Осындай маңызды шаралар франчайзингтік
жүйемен дамитын кәсіпкерлер санын
көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір адам
немесе кәсіпорын иесі жаңа кәсіпкерлік
ашқысы келсе немесе кәсіпкерлігін ұлғайтқысы
келсе, мұндай жағдайда франчайзингтік жүйені
пайдалану өте тиімді. Франчайзингтің
Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге
жетелейді.
Назарларыңызға рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |