11
Қалыптастырушы бағалау теориясы
Дәстүрлі жағдайда мұғалім оқушыларды оқыту мен бағалауға қатысты
жауапты тұлға ретінде танымал. Алайда оқудағы оқушы мен құрдасының
рөліне де назар аудару қажет. Мұғалім көп жағдайда тиімді оқу ортасын құруға,
енгізуге жауапты, ол кезде оқушылар сол ортада оқуға, нәтижеге жетуге
жауапты болады. Оқытуға жауапкершілік мұғалімге де, оқушыға
жүктелетіндіктен
(серіктестік
құқық
тілінде
–
«ынтымақтастық
жауапкершілік»), екеуі де нәтижеге жетуде кез келген келеңсіздіктердің алдын
алуға күш жұмсауы қажет.
Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында оқушыларды қолдау
үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет: «оқушылар оқудың
қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету
үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш
қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және оқушы), бұл 1-
кестеде көрсетілген (Уильям және Томсон, 2007).
1-кесте. Қалыптастырушы бағалау аспектілері
Агенттер
Оқушы оқуда неге
талпынады?
Оқушы оқытудың қай
сатысында?
Оқушы қойылған
мақсатқа қалай
жетеді?
Мұғалім
Бағалау критерийлерін,
күтілетін нәтижелерді
түсіндіру
Бағалау критерийлерін,
күтілетін нәтижелерді
жалпы түсінуін
қалыптастыру
Бағалау критерийлерін,
күтілетін нәтижелерді
жалпы түсінуін
қалыптастыру
Оқушылардың түсінгенін
айғақтау ретінде қызмет
ететін тиімді сынып
ішіндегі пікірталасты,
басқа оқу міндеттерін
қалыптастыру
Оқушыларды алға
ұмтылуға
ынталандыратын
кері байланыс беру
Достарыңызбен бөлісу: