Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет185/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   515
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
195 
Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен 
сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді. 
Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына 
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. 
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары 
қояды. 
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын 
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. 
Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан 
беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы 
патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды 
зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға 
тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген 
басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын 
еш бұзбастан орындаған екен. 
13. Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты? 
A)Соғысқа дайын болғандықтан 
B)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен 
C)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан 
D)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен 
E)Кирді ұнатпағандықтан 
14. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді? 
A)Үшінші 
B)Төртінші 
C)Бірінші 
D)Бесінші 
E)Екінші 
15. Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды? 
A)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан 
B)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан 
C)Батырлар жеңісін тойлағандықтан 
D)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан 
E)Соғыс күші жетіспегендіктен 
16. Кир неліктен Томириске құда түсті? 
A)Сақ елін иеленгісі келді 
B)Қамқор болғысы келді 
C)Спаргаписті қолға түсіру үшін 
D)Байлығына қызықты
E)Сұлулығына көзі түсті 
17. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай? 
A)Ойды тұжырымдайды 
B)Ойды дамытады 
C)Ойды пайымдайды 
D)Ойды қорытындылайды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет