Оқу сауаттылығЫ


https://vk.com/mega_education



Pdf көрінісі
бет481/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   515
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

https://vk.com/mega_education
 
520 
B)Мың асауға бір тосу. 
C)Ерді ел теңгерер. 
D)Жамандық қөрмей жақсы болмас. 
E)Туған жердей жер болмас. 
2.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған. 
A)қыздар туралы 
B)кітап туралы 
C)аспап туралы 
D)ән туралы 
E)би туралы 
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа 
келген мысық оған тыныштық бермепті. 
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ 
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа: 
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп 
жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана: 
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – 
дейді. 
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта 
тығылып жүретін болыпты. 
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай 
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, 
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген 
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін 
болыпты. 
3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз. 
A)Тату-тәтті өмір 
B)Мысық пен тышқан 
C)Ұйқышыл мысық 
D)Жаңа дос 
E)Қулығын асырған тышқан 
4.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай 
A)Ептілігі 
B)Шыдамдылығы 
C)Тапқырлығы 
D)Батылдығы 
E)Шапшаңдығы 
5.Тышқанның дұшпанын анықтаңыз 
A)Батыл 
B)Айлакер 
C)Өркөкірек 
D)Жалқау 
E)Мақтаншақ 
6.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз. 


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
521 
A)Жалғыз қаздың үні шықпас 
B)Ежелгі дұшпан ел болмас 
C)Досы көпті жау алмайды 
D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес 
E)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас 
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. 
Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге 
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. 
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі 
Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және 
кітапханалар аштырған. 
Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – 
атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір 
Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. 
Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы 
Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің 
жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай 
қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе 
дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның 
үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр 
бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды 
ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны 
айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды. 
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан 
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы) 
атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс 
ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші 
болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның 
орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау 
көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін 
құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. 
Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра 
алғаны айтылады. 
7.Мәтіннің стилі қандай? 
A)Ресми іс-қағаздар стилі 
B)Ғылыми стиль 
C)Ауызекі сөйлеу стилі 
D)Көркем әдебиет стилі 
E)Публицистикалық стиль 
8.Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді? 
A)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен 
B)Түрік қағанатын басқарғандықтан 
C)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет