ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН
ФИЛМДЕР ТІЗІМІ:
• «Партнеры с MBA» фильмі
• «Форс-мажоры» сериалы.
• Дэвид Стивенсон. «Лайфхаки богатых людей. 50
способов разбогатеть».
VI TAPAУ
БҮГІНГІ
КҮН – КЕШЕГІНІҢ
БАЛАСЫ
138
ОКОП – ЖЕҢICKE
ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ
Түкиядан оралған соң біраз қиналдым. Бірнеше
кәсіп аштым, жүрмеді. Сәтсіздікке ұшырап, бан-
крот болдым. Мұғалім болып жұмыс істедім, маған қат-
ты ұнағанымен, ол жерде де сыйдырмады. Сол кезден
бастап үш жылдай өзім үшін үзіліс алдым. Ол кезеңді
«окоп» деп атаймын. Кітап барысында да бірнеше рет
айттым, «Rumi»-ге дейінгі сегіз жыл, ол үлкен жеңіске
апарар жолдағы дайындық кезеңім – окопта жатқан
кезім болды.
Егер үлкен жеңістерге алдын ала дайындалмағанымда,
қателіктерімнен сабақ алып, өзімді дамытпағанымда,
кітап оқымағанымда, аяғына нық тұрған бизнестің не-
гізін қалаушы бола алар ма едім? Әрине, он мейрамха-
на ашқан соң да, енді барлығын білемін, кереметпін деп
айтпаймын. Біз де күнделікті қателік жібереміз, жаңадан
үйренеміз, тың идеяларға назарымызды аударып, жаңа
белестерді бағындыруға дайындаламыз. Бірақ, окоп ке-
зеңінің орны бөлек. Дайындалу өте жақсы іс, оның алып
келер пайдасы зор. Енді, бизнеске қатысты мысал келтір-
сем бе деп отырмын. Адамдар үшін бизнес бастау оңай
көрінеді, сондықтан да олар ақшасын алып, ойындағы-
сын жүзеге асыруға асығады, бірақ сәтсіздікке ұшырай-
ды. Себеп – дайындықтың жоқтығы.
«RUMI GROUP»-тың оныншы мейрамханасы «Dala»-
ны ашпас бұрын, өте көп іздендік, төрт елді аралап кел-
дік (Грузия, Әзербайжан, Түркия және Ресей). Олардың
қателіктерін қайталамас үшін, ұтымды идеяларын өзіміз-
де қолдану үшін, ет тағамдарын жасау ерекшеліктерін,
мейрамханаларының жұмысын қарастырып, таныстық.
Дайындық кезеңінде өз ерекшелігіңді іздейсің. Менің
жағдайымда, нәтижесінде дәмді палауымен аты шыққан
«Rumi», ет тағамдарына негізделген «Dala» мейрамхана-
лары бар.
Дайындық кезеңінен өтіп, жеңіліс тапқан, банкрот
болған адамдарды әлі күнге дейін көрмеппін. Себебі,
окоптан өткен адамда барлығы да ойластырылған,
шешімдері ақылмен, анализбен қабылданған, форс-ма-
жор жағдайларда қалай әрекет ететінін олар біледі.
Алдыңғы бөлімдерде досым Еркебұланның «Тандыр
N1» наубайхана бар деп жаздым. Еркебұлан бұл кәсіпті
бастамас бұрын Өзбекстанға барып, Ташкент, Самарқанд,
Бұқараны аралап, самса дайындаудың түрлі әдіс-тәсіл-
дерін үйренді, әр түрлі қоспаларын іздестірді. Қазір ол
күніне сегіз жүз дана самса сатады және тағы бір дәмхана
ашуға дайындалуда.
Бірде-бір мейрамхананы дайындықсыз аша алмайсың,
сол сияқты өмірде де дайындықсыз еш нәрсеге қол жет-
кізе алмайсың.
«VERSUS» академиясына бизнесін бастаған, бірақ
дамуына көңілі толмай жүрген кәсіпкерлер келеді. Біз
оларға үш айлық «окоп» кезеңін жариялаймыз. Бұл уақыт
аралығында олар түрлі мамандардан дәріс алады, кітап
оқиды, фильмдер қарайды, образ іздейді, адыраспанда-
рымен күреседі, барьерлерді жеңеді. Олардың арасында
барлық бизнестерін сатып, жаңадан кәсіп бастайтындар
немесе толығымен өзгертетіндер де бар. Үш айдың ішін-
де олар түбегейлі өзгеріп, кәсіпкерлік көзқарасы қалып-
тасқан адам болып шығады.
Кейбір азаматтарға үш айлық жеке коучинг өткіземін.
Осы уақыт аралығында мен олардың менторы ретінде
тұлғалық дамуы мен кәсібінің дамуына көмек көрсе-
темін.
Үлкен жеңісті қаласаң бизнесте де, өмірде де, окоп ке-
зеңі өте маңызды.
140
Достарыңызбен бөлісу: |