152
білетін адамды іздей бастайды. Егер сен өз салаңдағы
үздік маман болсаң, міндетті түрде сені еске алады.
Сенімен жұмыс істегісі келеді. Бірақ егер сен өз жұмы-
сын тыңғылықты істейтін, мүмкін шынында да үздік,
бірақ ешкіммен араласпайтын, ылғи көлеңкеде жүретін
адам болсаң, жолыңның болып кетуі неғайбыл. Ылғи да
жаңа адамдарды, жаңа энергияны топтастыра біл. Және
ол дұрыс адамдар болуы керек.
Адам нені тұтынса, соған
айналады. Адам кіммен араласса, соған ұқсап кетеді.
Ылғи да шағымданатын, біреулерді қарғап сілейтін,
«жоқ», «жаман» дегеннен басқаны айтпайтын адамдар-
мен аралассаң, өзің де сондайға айналасың. «Бар», «же-
теді» десең, болады да, жетеді де. Ол үшін бәрі бар, бәрін
жеткізетін, табысты, оптимист адамдармен дос бол. Жаңа
мекемеге, егер онда атмосфера дұрыс болмаса,
жұмысқа
тұрмай-ақ қойған абзал. Сенің ортаны өзгертемін дегенің
неғайбыл. Орта сені өзгертеді. Сондықтан көңіл күйі кө-
теріңкі, жоспарлары айқын, ертеңгі күннен тек жақсылық
күтетін, амбициясы жоғары ортада жүр, жұмыс істе,
демал. Өзіңе жасай алатын ең үлкен сыйлығың – осы.
Өйткені ортаң саған бейсаналы түрде әсер етеді. Саған
қажет емес, уақытыңды өлтіретін, ешқандай позитив
бере алмайтын, алға жылжытпайтын орталардан қаш.
Ешкімге де өмір бойы шағымын тыңдауға уәде берген
жоқсың. Сенің өмірің – тым бағалы.
Коммуникациялық қабілет адамның қызметінің сапа-
сына әсер етеді. Қай салада болсын. Мысалы, «Rumi»-де
автоматизация менеджері бар. Ол осы қызметтегі бесінші
адам. Бірақ ол өзіне дейінгі
төрт адамды қосқандағыдан
үш есе көп жобаны іске асырды. Мәселе мынада, бұл ме-
неджердің коммуникациялық мүмкіндіктері өте жоғары.
Соның арқасында ол жобаларына ақша бөлдіре алады.
Басшылықты қайсыбір өзгерістердің қажеттігіне сендіре
алады. Мұның бәрі ойын жеткізе алатындығынан. Адам
табиғатынан коммуникативті жаратылыс. Біз үшін бұл
соншалықты қиын дүние емес. Қиынырағы, қарапайым
адами қарым-қатынастардан жұмыс орнындағы ара-
қатынастарға дейін, дұрыс коммуникацияның шегін білу.
Әсіресе біздің менталитетімізбен.
Коммуникацияны екі категорияға бөлуге болады.
Бірі, жалпы мінездің ашықтығына келеді. Өміріңе жаңа
адамдарды қосуға дайын болу. Мұның мәні, «әлсіз бай-
ланыстар» деп аталатын таныстар нетворкингі адам-
ның өсуіне көбірек ыкпал ететіні. Екіншісі, өз қызмет
салаңдағы,
біліміңді, мүмкіндіктеріңді өсіретін «керек»
байланыстарды қалыптастыру. Сондай-ақ Internet же-
лісі осы екеуінде де құрал ретінде пайдаланылады.
Егер адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарға
кездесер болсаң, коммуникациялық қабілетті арттыра-
тын лайфхактар ұсынғым келеді.
Соның алғашқысы –
күлімдеп жүру. Күлімдеу мен
жымию қандай магнит екенін бәрі біледі, бірақ мән бере
бермейді. Рон Гутман
47
«The Hidden Power of Smiling»
деген дәрісінде күлкінің адамның денсаулығын көтеріп,
ұзағырақ жасауына септесетіні туралы сараптамасымен
бөліседі. Және күлімдеу мен жымию адамды тартым-
дырақ, көріктірек қана емес, өзіне сенімдірек және ком-
петенттiрек етіп көрсетеді дейді оның зерттеуі. Табыс-
ты адамдар көбінде күлімдеп жүреді. Немесе күлімдеп
жүретін адамдар табысты болады.
Бұл екеуінің арасын-
да «жұмыртқа ма, тауық па?» деген сияқты ажырағысыз
байланыс бар. Өзіңізді басқара алатын ересек адам бол-
саң, әлеуметтік ортада өзіңе де, өзгеге де жағымды ат-
мосфера қалыптастыруға тырыс. Бұл – адамдардың саған
деген ықыласын арттыратын алғашқы шарт.
Екінші,
«айсбрекер», «мұзжібіткіштерді» пайдала-
ну. Игорь Манн
48
«Номер Один. Как стать лучше в том,
что ты делаешь» деген кітабында «Қандай фильмдерді
жақсы көресіз?», «Көп саяхаттайсыз ба?» деген сияқты
сұрақтар тізімін жасайды. Лифтінің ішінде кездейсоқ
кездесіп қалған әріптесіңмен әңгіме өрбітетін сұрақтар.
_________
47
Рон Гутман
– «HealthТар» компаниясының негізін
қалаушы және атқарушы
директоры. Интерактивті денсаулықты сақтауды зерттеген алғашқылардың бірі.
48
Игорь Манн – Ресейдің ең үздік маркетері, спикер, автор, баспагер, «МИФ» (Манн,
Иванов и Фербер) баспасының негізін қалаушы.
154
Бұлар іскерлік Батыс әлемінде орынды болса, қазақтың
ауылында «Соғымға не сойғалы жатырсыз?» деген қо-
лайлы сұрақ болуы мүмкін. Ең бастысы, аса жақын емес
танысты жақындата түсу үшін пайдаланылатын сұрақтар
жадында жүрсін. Және ол контекстіге сай болсын.
Шаруа туралы, өзіңе қызық нәрсе ғана емес, пікір-
лесіңе қызық тақырыптарда әңгіме өрбіту. Дамыған ел-
дерде адамдар хоббилерін, қызығушылықтарын көбірек
әңгімелейді. Бұл – бейтаныстарды таныс қана емес, туыс
қылып жіберетін тақырып. Өйткені, өзгенің көзі жанып
тұрып әңгімелейтін тақырыбы
сені қызықтырса, сен де
онымен әңгімелесуге құштар боласың.
Достарыңызбен бөлісу: