Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020
119
Keywords: folk medical vocabulary, metaphor, ethnolinguistics, spiritual value,
translation techniques.
Кіріспе
Тарих шежіресіне назар аударсақ, Орта
Азияның атақты дәрігерлері
Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина медицина терминдерінің негізін
қалыптастырды.
Қазақ тілі медицина лексикасының
дамуына қазақ ағартушылары
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев,
Шоқан Уәлиханов өз
шығармаларында қазақтың төл сөздері мен халық арасынынан жинап-
терген
медициналық
лексиканы
қолдана
отырып,
медицина
терминологиясының дамуына зор үлес қосты.
Шоқан Уәлиханов кезінде қолжазбасында
желұшық, сынап, елті,
балгер, жауырыншы, құмалақшы сынды халық
медицинасының
сөздерін
пайдаланған [1, 180 б.].
Қазақтың халық медицина лексикасын, жалпы медицина терминдерін
зерттеуде XX ғасырдың соңына қарай тіл мамандарымен (Аяпбергенова К.)
қоса, салалық мамандар (А. Алдашев, А. Рақышев, М. Ахметов) үлес қосты.
Зерттеуші З. Қожалымов «Халықтық
шипагерліктің мәдени
бастаулары және емдік дәстүрлері»
(Шипагерлік дәстүрі және
философиясы) атты ғылыми еңбегінде қазақ медицина лексикасы қолданыс
аясының басталу кезеңін бұдан бес ғасыр бұрын шипагер Өтебойдақ
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіндегі медицина туралы
тәжірибесі дәлелдейтіндігін жазады. Автор ғұлама шипагер «Шипагерлік
баян» еңбегінде
сырқаттардың науқастық атаулық аталғылық
шұбыртқысын
да,
әр
түрлі
сырқаттардың
пайда
болатын негізіндегі
нақты анықтамасы,
сырқаттаулық шұбыртқысы,
қорасан, дуылдақ милық, шығулық, жазымдаулық, зәндемелік, сірескілер,
ата – аналық айқасқы аласталғылар/ күдеулік, сасай және
шашырандылар тәрізді төл сөздердің қолданғандығы туралы баяндай
отырып, бұл сөздерге қазіргі медицина терминдерінің ұғымдарын қоса
береді [2, 8 б.].
Достарыңызбен бөлісу: