Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет145/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

157
 
талқыланатын, пікір айтылатын (жиналыс, кездесу немесе 
талқылау) жерлерде. Сонымен бірге, жаңа ақпарат талқыланғанда, 
жаңа білім (сабақ, дәріс, баяндама) хабарланатын кезде, сыни 
тыңдау тиімді емес. Ақпаратты қабылдамау сізге оны тыңдауға 
мҥмкіндік бермейді, тек тыңдаудың қалаусыз екендігін растайтын 
нәрсеге ғана назар аударуды талап етеді. Нәтижесінде, қҧндының 
барлығы қабылданбайды, ақпараттың қызығушылығы тӛмендейді, 
уақыт жоғалады, қанағаттандырылмайды. 
Эмпатикалық тыңдау. Эмпатия (ағылшынның empathy -  ӛзге 
адамдардың жан дҥниесін тҥсіну мен жай-кҥйін ҧғыну қабілеттілігі) 
- бҧл адамның басқа адамдардың сезімдері мен уайымдарына 
эмоционалды жауап беру қабілеті. Эмпатикалық тыңдау кезінде, 
сҧхбаттасуға қатысушы басқа адамның айтқан сӛзін тҥсінуге емес, 
сезімдерді «оқуға» кӛбірек кӛңіл бӛледі. Эмпатияны кӛрсетудің ҥш 
нҧсқасы бар: эмпатикалық жауап беру, басқа кӛзқарасты қабылдау 
және ҧнатушылықпен жауап беру. 
Эмпатикалық жауап, егер бақылауды қолданатын адам, эмоциялық 
реакциялары басқа біреудің эмоцияларының нақты немесе кҥткен ҧқсас 
кӛріністеріне ҧшыраған кезде пайда болады. 
Басқа кӛзқарасты қабылдау - «басқа біреудің аяқ-киімімен жҥру 
қабілеті» тәрізді басқа біреудің орнына ӛзін қоя білу. 
Ұнатушылықпен жауап беру – бҧл онда қалыптасқан мән-
жайларға немесе жағдаятқа байланысты басқа адамға бағытталған 
қамқорлық, қатысу, жанашырлық сезімі. Ұнатушылықпен жауап 
беру әдісі алдыңғы екеуінен ерекшелігі, негізінен, серіктес басқа 
адам ҥшін уайымдауға тырыспайды. Ӛзгелердің шын мәнінде не 
сезінетінін тҥсіну адамның кӛңілін тҥсіріп, бҧл адамның қамын 
ойлауды, оған деген жанының ашуын немесе басқа да сезімдерін 
тудырады.
 
Эмпатикалық тыңдау ережелері:
■ 
жанын ӛз уайымдарынан және проблемаларынан босатып, 
сҧхбаттасушы туралы кемсітуге жол бермеу, оның сезімдерін 
қабылдауды реттеп алу маңызды;
■ 
әріптестердің сӛзіне деген реакциясында оның тәжірибесін, 
сезімін, дҧрыс қабылдауын ғана емес, сонымен бірге тҥсінуді 
және қабылдауды кӛрсету керек; 
■ 
серіктестің сезімін кӛрсету оның іс-әрекеттерін және нақты 
әрекеттерге әкелетін мінез-қҧлқының жасырын себептерін 
тҥсіндірместен жҥзеге асырылуға тиіс, сіз оған осы сезімнің 
пайда болу себептері туралы ӛз пікіріңізді тҥсіндірмеуіңіз керек; 
■ 
паузаны ҧстау керек. Жауап бергеннен кейін әңгімелесуші 
әдетте ҥнсіз болуы керек, ойланып, бір-бірінің сезімін тҥсінуі 
керек. Қосымша хабарлар мен тҥсіндірмелерге асықпау керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет