Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет115/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162
1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою)/
Организационная часть (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока).
2.Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала:
1 - ші карточка сұрақтары:
1. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы 
жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек)
2. Ал қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен 
витаминдер)
3. Азықтық заттардың, қоректік заттардан айырмашылығы неде? (Құрамында нәруыздар, майлар 
және көмірсулар бар өсімдіктекті және жануартекті өнім; Нәруыздар, көмірсулар, майлар, 
минералды заттар, су, витаминдер, күрделі өңдеуге ұшырайтын органикалық қосылыстар)
4. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына, адам организммін құрастырушы бір 
күндік нәруыз мөлшері 100 - 120 гр. Осы нәруыз тағы нелер түзеді? (ферменттер мен гормондар)
5. Ас тағамдары әр түрлі болу керек? Себебін айт (үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі 
төмендейді және адамның тамаққа деген тәбеті тартпайды)
2 - ші карточка сұрақтары:
1. Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май 
өсімдік және жануарлардан алынатын тағамдар құрамында болады. Ал май тышқанда бола ма? 
(тышқанда болады, құмырсқада болмайды)
2. Адам организіміндегі нәруыздар, көмірсулар, майлар мен витаминдердің рөлі қандай? (нәруыз - 
құрылыс материалы, майлар - энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу – энергия көзі, витаминдер 
– алмасу процесіне белсенді қатысады)
3. Нәруыздар негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал
жәндіктерде кездесе ме? (кейбір жәндіктерде кездеседі, м/ы: ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда)
4. Ас қорыту дегеніміз не? (тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға 
ұсақталу және ыдырау процесі)
5. Ферменттердің рөлі қандай? (Нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдырататын 
химиялық реакцияларды тездетеді. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді)
3 - ші карточка сұрақтары:
1. Организм қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Организмге 
түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа 
арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады)
2. Адам организміндегі тамақтың рөлі қандай? (Организмнің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін 
жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)
3. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас 
қорытылып үлгереді)
4. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Организм үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану 
да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. 
Ал су тапшылығы адам организмімін өлтіруге дейін барады)
5. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не 
себепті? (кейде адам тамақтан шашалып, тұншығып, өліп кетуі мүмкін)
Сұрақ қою?
Неге тағамдық заттарды, қанға тікелей жіберсе адам өліп кетеді? (м/ы: сүт немесе тауық сорпасын) 
(Сыртқы ортадағы тағамдық заттар организмдерді қажетті заттармен және энергиямен қамтамасыз 
ету үшін, сіңіруге дайын күйде ену қажет. Тірі организмдер қоректі химиялық жолымен ыдыратады, 
олар зат алмасуға қатысады және сіңіріледі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет